Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстан облысында самбо және дзюдо күрестерінің негізін салушылардың бірі, жоғары дәрежелі жаттықтырушы Г. И. Бердусаны еске алуға арналған V облыстық ашық турнир өтті. Жарыс Өскемен қаласындағы «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде жалауын көтерді. Облыстық ашық турнирде 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жас өрендер мен 2006-2008 жылы туылған қыз балалар сынға түсті.

Өскемен қаласында өткен V облыстық ашық турнирге Шұғылбай ауылының Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің спортшылары да қатысты.
Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас бапкері Дәлел Мусағазинов пен жаттықтырушы Мереке Қалеловтың 3 шәкірті өз бақтарын сынап қайтты. Тартысты өткен бәсеке барысында Дильназ Махабатова 63 кг салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды. Сайыс соңында турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрметті грамотамен марапатталды.
Осы ретте спортшылардың жаттықтырушылары турнирге қатысуға көмек көрсеткен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, ауылдық әкімшілікке, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің басшылығына алғысын білдіреді.
Біз жас спортшыны жеңісімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз