Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Барлық этностар мен ұлт өкілдері тәуелсіз қазақ елінде бейбіт өмір сүруде, ал елімізде қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасқан.
Қазақстан халқының бірлігі күні - халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі. Біздің мемлекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбіт және татулықта өмір сүреді. Халықтар бірлігі-еліміздің басты жетістігі.
Мереке қарсаңында біз аудандық газет оқырмандарын әр түрлі тарихи себептерге байланысты тағдырын біздің ауданмен байланыстырған жерлестер өмірімен таныстырамыз.
Осы мақаламызда Көкпекті ауылының байырғы тұрғыны Владимир Емельянович Гильц туралы сыр шертетін боламыз. Бұл кісіні Көкпекті ауылының тұрғындары жақсы таниды.
Владимир Емельянович 1941 жылы Украинаның Запорожье облысы, Новониколаев ауданы, Листовка ауылында дүниеге келген. Сол жылы немістерді Украинадан күштеп жер аудару басталды. Жазықсыз адамдарды үйлерінен шығарып, өздерімен бірнеше сөмке мен чемодан ғана алуға рұқсат беріп, мыңдаған шақырым жерге жер аударып тастады.
Гильц отбасының ұлты неміс болғандықтан, бөлінуге мәжбүр болды. Кішкентай Вова мен оның әпкесі Эльзаны Оңтүстік Қазақстанға (Қызылорда қаласына) жіберді. Ағасы Александр Кемерово облысының Киселевск қаласына (Ресей) келді, ал басқа ағасы Емельян Ресейдің Тула қаласында қалды.


1947 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігінде тұрып, содан кейін ағасы Киселевскке көшті. Берт Гильцтің анасы Томск қаласында 1947 жылға дейін еңбек етті. Анасы балаларымен сол жылдардағы естеліктермен бөліспеді. Жоқ, олар ұмытқан жоқ. Керісінше, олар өздерінің тағдыр тауқіметі туралы айтқысы келмеді.
Неміс халқын еңбекке жұмылдыру 1941 жылы басталды. Ол 1942 жылы жаппай сипат алды. Сол кезде қара жұмысқа ер адамдар ғана емес, әйелдер де тартыла бастады. Жұмысқа тартылғандардың жасы 15 пен 55 жас аралығында болатын. Еңбек армиясы мүшелерінің позициясы қатаң әкімшілік тәртіппен, тұрмыс жағдайының нашарлауымен, басшылық пен жергілікті халықтың оларға деген дұшпандық көзқарасымен ерекшеленді. Кеңестік немістердің әскерилендірілген құрамалары КСРО-ның бүкіл аумағында дерлік орналастырылды. Еңбек армиясы НКВД объектілерінде, сондай-ақ көмір және мұнай өнеркәсібінде, темір жол құрылыстарында, оқ-дәрі, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаттарының объектілерінде жұмыс істеді. Еңбек әскерлері негізінен 1946 жылы жойылды.
Берттің анасы күндіз-түні жұмыс істеп жатқанда, бала Владимир мен оның әпкесіне де оңай соқпады. Эльза жергілікті колхоз төрағасының үйіне қарап, оның бау-бақшасын күзеткен. Аштық уақыты қатты сезілді. Көбінесе балалар қорек етуге картоптың қабығын жинауға мәжбүр болды. Владимир Емельянович өзін балалар үйіне алып кете жаздаған сәтті есіне алады. Әпкесі өжеттілігімен оны жарты жолдан алып қалады.
1949 жылы ол мектепке барып, 4-сыныпты бітіреді. Ол кезде толық емес орта білім деп есептелетін. Осыдан кейін оның еңбек жолы басталды.
- Көкпекті ауылына 1954 жылдың 9 сәуірінде туыстарымыздың шақыруымен келгеніміз есімде. 1955 жылы, мен 13 жастан асқан кезде, Заготзерно жұмысшысы болып қабылдандым, онда 1971 жылға дейін жұмыс істедім. Содан кейін 15 жыл комхозда су құбыры шебері болып жұмыс атқардым. Кейіннен ЛТЦ-да (желілік-техникалық цех) қазандық машинисі болдым. Ал 1995 жылы зейнеткерлік демалысқа шықтым. Мен әрқашан адал жұмыс істеуге тырыстым, - дейді Владимир Емельянович. - Біз өз заманымызда көп нәрсені бастан өткердік, көптеген қиын күндер артта қалды. Білесіз бе? Мен бір үзім нанның жерде шашылып жатқанын көрген кезде, жаным ауырада, әрине обал. Адамдардың қоқыстан қалған тамақты тауып жеп, жалаң аяқ жұмыс істеген кездері болды. Мен мұны көріп өстім және ол заманның келмесіне қуанамын. Біздер қазір қолдағы барымызға мұқият болып, әр нәрсенің адам еңбегімен келетінін есте сақтауымыз керек.
Володя ағайдың өмірбаянына қатысты бір символдық дерек бар, оған тоқталмай өту мүмкін емес. Ол 1954 жылдан бастап көгершін өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта оның қарауында 30 көгершін бар екен. Мұның символдық мәні бар, өйткені көгершін құсы бейбітшілік пен келісімнің белгісі.
Владимир Емельянович 1959 жылы үйленген. Жұбайы Нелли Яковлевнамен бірге 62 жыл отау құрып, олардан 3 қыз бен ұл тараған. Өкінішке орай, Нелли апа өткен жылы өмірден озған. Бүгінде аталарын 8 немересі мен 9 шөбересі тәтті қылықтарымен қуантады.
Айта кету керек, бұл отбасын интернационалдық деп атауға болады. Тату-тәтті жанұяда орыстар, қазақтар, немістер бар. Негізі махаббат пен достық ұлтқа бөлінбейді. Татулық, мейірімділік, сыйластық – бұл сөздер әр тілде әр түрлі естіледі. Бірақ, біз оларды айтқанда, олардың өміріміздегі ең маңыздысы екенін түсінеміз. Ал осындай оқиғалар соның нақты дәлелі.
Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз