Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кез келген мектеп оқушысы бала кезінен табысты болғысы келетін шығар: біреу оқуда, біреу құрдастарымен қарым-қатынаста, біреу спортта. Нағыз спортшы болу, атақты тұлғалардан үлгі алып, олардың бойындағы ең жоғары жағымды қасиеттерді сіңіріп, мақсатқа жетуге деген құштарлықты оятады.
Міне, ауданымыздың осындай мақтанышы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, еркін күрестен Азия, Түркия, Италия, АҚШ-та өткен әлем турнирінің чемпионы, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы - Шыңғыс Мұхаметқалиұлы Мұхаметқалиев.
Шыңғыс 2000 жылы 5 қыр-күйекте Көкжыра ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның бес ағайын- әпкесі бар. Ата-анасы – жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын, балаларын әдепті де, адал адам етіп өсірген қарапайым ауыл тұрғындары.


– Шыңғыс бала кезінен спортпен айналысқан. Оның жекпе-жекке құмарлығы болды. Өзім самбо күресімен айналыстым, бірақ, бұл спорт түрі ауданда дамымағандықтан, мамандардан дәріс алуға тура келді. Мәселен, Самар жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушысы Марат Марденовтан бірнеше сабақ алып үйрендім, содан теорияны білу үшін оқулықтар сатып алдым. Сөйтіп, еркін күрестің қыр-сырын меңгердім. Шыңғыс еркін күрес секциясында білім ала бастады. Дарынды баланың бойына біткен жасаулары көрінді, сонда нағыз күресші болып қалыптасуына тамаша алғышарттар болды, – дейді спорт ардагері, ұлағатты ұстаз, бүкіл ғұмырын Көкжыра ауылындағы Амангелді орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен Түркістан Қабдрахманұлы Барбосынов. – Жасөспірімдік шағында облыс орталығында тәжірибелі жаттықтырушының жетекшілігімен өткізілген сабақтар оның қабілетін, жеңіске деген ұмтылысын шыңдай түсті. Шыңғысқа ылғи айтатынмын, сен өскен сайын мүмкіндігің де артады. Әрбір кішкентай жеңіспен үлкен жеңіске ұмтыласың, мұның бәрі саған жауапкершілік жүктейді. Халықаралық турнирлерде өнер көрсету үшін Қазақстан, бүкіл ел үшін жауапты боласын. Ал бұл екі есе ауыр жүк, осыны есінде сақта! Бәріне жеттім, болдым деме, осымен тоқтама. Спортта шек жоқ!
Бұл – ардақты Түркістан ағаның шәкіртіне айтқан әкелік ақыл-кеңесі, өсиеті. Ол құрметті демалысқа шыққанда аға тәлімгер жұмысын шебер жалғастырған жас бапкер Талғат Қасайыновқа тапсырды. Жас педагог қол астындағы шәкірттерін, соның ішінде Шыңғысты түрлі деңгейдегі жарыстарға апарды. Міне, осылайша олар, тәжірибелі ұстаз бен жас жаттықтырушы нағыз чемпион, палуан, бүгінде спорт алаңдарында жарқырап жүрген Шыңғыс Мұхаметқалиевті тәрбиелеп шығарды.
Жуықта Шыңғыс Қызылорда қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, 1-ші орынға ие болды.
Чемпион жақында туған жерінде болып қайтты. Мүмкіндікті пайдаланып, аудан басшылығы Самар ауылындағы кездесуге шақырып, үлкен құрмет көрсетті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Теміржанов, Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаев, жергілікті қоғамдастық мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық спорт және туризм бөлімінің өкілдері, чемпионның жаттықтырушылары Т.Қ.Барбосынов, Т.Қасайынов қатысты.
Жиын барысында Марат Қапарұлы аудан әкімінің атынан Шыңғыс Мұхаметқалиевке спорт алаңында тамаша өнер көрсетіп, аудан, облыс, республика намысын лайықты қорғағаны үшін алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Сондай-ақ жиналғандар да жас чемпионға толағай табыс-тар мен жарқын жеңістер тіледі. Ақсақалдар батасын беріп, болашаққа ақ жол тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз