Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне арналған салтанатты шара өтті. Халқымыздың мәдени мұрасына, ән, би өнеріне өз үлесін қосып жүрген көкпектіліктер үшін бұл мерейлі мереке. Өнерді өміріне серік еткен жандарды кәсіби мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов құттықтап, сала мамандарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы жыл бойы үздік болған қызметкерлерді төл мереке қарсаңында алғыс хат, мадақтамамен марапаттап, жұмыстарына жеміс тіледі. 

Мерекелік салтанатта мәдениет саласында еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтар Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының, ШҚО мәдениет басқармасы басшысының, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Бек Назарбекұлының мәлімдеуінше Көкпекті ауданы бойынша 28 мәдениет ошағы қызмет атқарады. Оның екеуі Көкпекті және Самар ауылдарындағы мәдениет үйлері қалған 26-сы елді мекендердегі ауылдық клубтар.
Аудандағы мәдениет ошақтарының жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Аудан басшысы Раджан Қайырқанұлының тікелей қолдауымен мәдениет ошақтарының материалдық техникалық базасы жаңаруда. Аудандық мәдениет үйіне 4495,0 мың теңгеге халық аспаптар оркестрі үшін домбыра, қобыз, қыл қобыз, баян, бас домбыра, шертер, ұрмалы үшбұрыш, сазсырнай, контрабас, шаңқобыз, прима қобыз, пюпитр, жетіген, этнобарабан, домбыра контрабас, электр гитаралары, синтизатор сынды музыкалық аспаптар мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуда. «Інжу-маржан» әжелер ансамблі әншілеріне ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен 400 мың теңгеге сахналық костьюмдер тігіліп, жаңартылуда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында Үлгілімалшы, Үлкенбөкен және Палатцы ауылындағы клуб үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ашылу салтанаты өтті.
8 жыл ғимараты болмай сергелдеңге түскен аудандық кітапхананың ғимарат мәселесімен аудан басшысы Раджан Қайырқанұлы қызметке келе сала айналысып, ауданның зиялы қауымымен тығыз қарым-қатынаста болып, осы мәселенің шешімін тапты. - Бүгінгі күні кітапхана заманауи компьютерлермен, сөрелермен, экрандармен жабдықталды. Кітапханада сирек кітаптар мен қолжазба қорына, балалар әдебиетіне, ересектер абонементіне жеке-жеке бөлмелер жасақталды. Сонымен қатар зейнет жасындағы тұлғаларға арналып, компьютерлік сауат ашу курстары мен ЕGov қызметтерін көрсету орталығы да іске қосылды. Сондай-ақ кітапхана электронды қызмет көрсетуде әлемдік желіге қосылды. Дүниежүзілік желі арқылы өнінім берушілерге кез-келген кітапты кез-келген жерден электронды нұсқасын алып беруге қол жеткізілді - дейді қарт оқырман Қайрат Малгаждаров.
Бұл шаралардың бәрі де аудан басшылығының қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Қолдау барда мәдениет пен өнер дами бермек.
«Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Дархан Бердібек, өлкетанушы Қайрат Малғаждаров және айтыскер ақын Фархат Маратұлының жинақтауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Көкпекті» энциклопедиясы 350 данамен жарыққа шықты. Бұл жұмыстар аудандық бөлімдегі энциклопедия орталықта ары қарай жалғасын табады. Биылғы жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандармен толық қамтылды. Атап айтсақ, бас маман Балжан Умиткажиева, жетекші маман Нұршат Акмолдина келіп, қызметке орналасып, ономастика және ескерткіштерді қорғау қызметі жандана түсті. – деді бөлім басшысы Бек Назарбекұлы.
Көкпектінің қасиетті топырағынан талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қазір де киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген жерлестер жетерлік.
Салтанат соңы аудандық оқушылар шығармашылық сарайы ұжымының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

 

 

Қазақстан Респуликасы мәдениет және спорт министрлігінің
«Мәдениет саласының үздігі»
төсбелгісімен
Нечаева Тамара Ивановна награтталады

Облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен
Оспанова Нарқыз Елеубековна
Ибраев Каирлы Саненович
Есенбаева Венера Дауленовна
Момбаева Айтжамал Бейсеновна

Мәдениет басқармасының алғыс хатымен
Қайратұлы Нұрлан
Умиткажиева Балжан Нуржановна
Клейн Марина Юрьевна
Ибраева Айтжамал Сакеновна
Нигматуллина Райса Турсыновна
Турлыбаева Зульфия Сакеновна
Абельмажинов Марат Ахметович
Куркебаева Айгуль Рамазановна

Аудан әкімінің Дипломымен
«Інжу-Маржан» ансамбілі
Айдынова Толғанай Айдынқызы

Аудан әкімінің алғыс хатымен
Ташубаева Айгуль Бакытбековна
Маханова Алмагуль Кенесбековна
Кешубаева Айнаш Кайрлыевна
Абсалямова Гульнар Керимхановна
Акжигитов Дунгали Бейсенович
Мырзабекова Макпал Мураткановна
Сарсенбаев Даурен Адильханович
Байжуменова Салтанат Омаргазиновна
Жәлел Айдынгүл
Султанбеков Марат Кабидулднович
Маулханова Жанат
Бакиргалова Гульмира Рашатовна
Айтолла Күлшекер
Есполова Айдана Ермековна
Самарина Дина Николаевна
Рсымбетова Бакыт Жалеловна
Зарипова Айнур Смазановна
Каусканова Гульнара Базархановна
Чернова Светлана Вадимовна
Маханова Айгерим Сериковна
Ахметжанова Жанат Аркашовна
Зейнолла Кеней
Хасенов Жанабай Кеншиликович
Жунусова Айнур Мухтарбековна
Бекмолдин Канат Муратович
Калиева Әсия

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз