Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

– Таэквондо спортын таңдауыңызға не себеп болды?
– Мен бала күнімде бокс спортына қызығушылық танытқан едім, бірақ ол арманым нәтижелі болды дей алмаймын. Көкпекті орта мектебін 1990 жылы бітірген соң Алматыға ат басын бұрдым. Ол жаққа барған соң спортқа қатысы жоқ экономика мамандығы бойынша оқуға түстім. Сол тұста Мұстафа Өзтүріктің жұлдызы жанып, таэквондо спортын қазаққа кең танытқан кезі болатын. Мұстафаның шәкірттері жер-жерде мектеп аша бастаған еді. Қиын спортқа қызығушылық танытқандардың қатарына қосылып, мен де Бексейіт деген ағамның қол астында жаттыға бастадым. Бала күннен бейімделіп өспегендіктен алғашында ауырлау болды, алайда тез үйреніп кеттім. Оқу оқи жүріп үш жылдай дайындалып, біршама жарысқа қатысып нәтижеге жеттім. Қысқаша айтқанда, Қазақстандағы таэквондо биігіне шыға алдым. Одан кейін әскерге аттанып кеттім де, тұрақты дайындықтан біраз қол үзіп қалдым. Кейін әскерден келген соң жаттықтырушы болып шәкірт тәрбиелеуге кірісіп, ауылға ат басын бұрдық.
– Ауылдан чемпиондар шығаратыныңызға сеніп келдіңіз бе?

Толығырақ...

Спорт - салауатты өмір салтының негізгі бөлігі. Спортпен шұғылдану адамды мықты әрі төзімді етеді. физикалық белсенділік денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Дене белсенділігі оқу және жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Бірақ спортпен шұғылдану үшін арнайы жабдықталған бөлмелер қажет. Сондықтан Қазақстанда бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДСК) салынуда.
Самар ауылында осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады.

Ауылдық округ аппараты

Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген бар, азаматтар туған үйін қамдағандай ауылының кем-кетігін түгендеп, тұрмысын базарлы етуге әрекет етсе, ауылдан да береке тарқамайды. Осындай өнегелі іс жуырда Тассай ауылында жүзеге асты.
Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт.

Толығырақ...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, аудандық тарихи-өлкетану мұражай қорының сақтаушысы Клара Рафикқызының ұйымдастыруымен, Тассай ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жүз жыл жырлаған Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді. 

Шараның басты мақсаты - жыр алыбы Жамбыл ақынның туғанына 175 жыл толуына орай, ақын мұрасын білім алушылар аудиториясына насихаттау. Жамбыл шығармашылығынан рухани азық алу.
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өткен жиынға Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің білім алушылары қатысып, жыраудың шығармашылығымен жақынырақ таныса алды. Ұйымдастырушының айтуынша, шараның басты мақсаты - Жамбыл Жабаев шығармаларының көмегімен жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті ояту.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында Волейбол спорты жаңа серпін алуда, бұл біздің волейболшыларымыздың әртүрлі деңгейдегі жарыстардағы табыстарынан айқын көрінеді. Бұған ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен басшылығы, сондай-ақ спортты бұқараға насихаттап жүрген мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері үлкен үлес қосуда.
Ұлттық Мектеп лигасы - бұл ауылдық жерлерде жас таланттарды табуға мүмкіндік беретін спорттық жарыстар, мектеп спортындағы ерекше жоба. «Шұбар доп» атты волейбол жарысы оның бір бөлігі болып табылады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз