Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шұғылбай ауылының тіршілігі көз сүйсіндіріп, көңіл толтыратын, тұрғындарының таным түйсігі әлдеқайда жоғары, ынтымағы айрандай ұйыған мекен. Бұл ауылды мұндай деңгейге жеткізген - ынтымағы жарасқан халықтың бірлігі мен еңбек.
Шұғылбай ауылында шағын футбол алаңын қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің көмегімен зираттар қоршалды. Енді алдағы уақытта саябақты қайта жөндеу жұмыстары басталады.

Ауылдық округ ақпараты

«Отан - отбасынан басталады». Ал өнегелі отбасы - жарасымды жұптан шығады. Осындай ырыс-ынтымағы, береке-бірлігі жарасқан отырған Губановтар отбасы Көкпекті ауылындағы интернационал отбасылардың бірі. Отағасы Петр Петрович Губанов 1958 жылы Ажа ауылында дүниеге келген.1976 жылы Көкжайық (Ивановка) орта мектебінің 10 сыныбын аяқтайды. Әскери қызметін Польша қаласында өткереді. Аудандық газетте 1976 жылдан бастап фототілші болып қызмет атқарады. Содан 1995 жылы жұмыс штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылады.
Аудандық газетте жұмыс істеп жүрген кезінде Күлпаш Изажанованы жолықтырып, ғашық болады. Екі ұлттың салт-дәстүрі бойынша той жасап, отау құрады. Осы ауылда туып-өскен ерлі-зайыптылар жергілікті халықпен сіңісіп, ел игілігі жолында еңбек етті. Әке мен ананың ұлағатын тыңдап өскен олар үшін отбасы құндылығы бірінші орында. Содан бері екі ғашықтың бірге өмір сүріп келе жатқанына 36 жылдан астам уақыт өткен. Үш баланы аяғына тік тұрғызып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған Губановтар бүгінде үбірлі- шүбірлі болып, 8 немере тәрбилеп отырған үлкен әулет. Үйдің тұңғышы Русланның Лимана есімді келіншегі бар. Ал үлкен қызы Индираның жолдасы Рамилдің ұлты татар болса, кенже қызы Маринаның жүрегі қазақ жігіті Құрметке тиселі болыпты.
Орыс ұлтының келіні бола тұра Күлпаш апай ол елдің ұлттық тағамдарын дайындаудың шебері атанған. «Ұлың өссе - ер жеткені, қызың өссе - бой жеткені» дегендей, әр ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» өзіне парыз деп білген. Міне, бүгінде сол парыздарын орындаған Петр аға мен Күлпаш апай мейрамдарда бүкіл бала-шаға, немерелерінің ортасында жиналып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Толығырақ...

Өскемен қаласында 2007-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысы Балалар лигасының қысқы чемпионаты өтті. Семей, Өскемен қалалары мен Ұлан, Тарбағатай, Қатонқарағай аудандарынан 6 команда қатысқан дүбірлі     сайыста жерлестеріміз І орынды жеңіп алды.

Көкпекті құрама командасының жеңімпаз атануына Дәулет Кенжеғалиев, Дәулет Русланов, Азамат Ордабеков, Мұхамедәли Байтугелов, Әлішер Өтешов, шиелілік Аят Рамазанұлы сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай «Абайдың тілі - адамзаттың рухани қазынасы» атты эссе жазудан өтетін аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты Қазақстан Респуб-ликасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар-ламасы аясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілді жаңғырту, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және дамыту.

Толығырақ...

2020 жылдың 17 ақпан және 17 наурыз аралығында Қазақстан азаматтарының аты-жөнінің жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендіру мақсатында айлық жарияланған. Айлықты қорытындылау негізінде Көкпекті ауданында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендірейік» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңескте ШҚО тілдерді дамыту жөнін-дегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Әшімханқызы Төлемісова, Көк-пекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Отаршина аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрбек Сыдықұлы Сүлейменов баян-дама жасады. Аталған шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, метеп директорлары мен кітапхана қызметкерлері,

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз