Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні Көкпекті орта мектебінде ауданның дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Көкпекті, Аққала, Сарыбел, Палатцы, Үлкенбөкен, Бастаушы, Құлынжон, Қ.Аухадиев, Көкжайық ауылдық округ әкімшілігінен құралған және аудандық Қазынашылық бөлімінің командасы қатысып тамаша ойын өрнегін көрсетті.


Жарыстың ашылу салтанатында Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдин құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынның тұғырына Көкпекті командасы иеленсе, ІІ орын Самар командасы және ІІІ орынды Қазынашлық құрама командасы иеленді. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломмен, кубоктармен марапатталды. Әр топтық құрамада шебер ойын көрсетіп, оқ бойы оза шапқан бірнеше ойыншылар да марапатқа ие болды. Олар: Б.Базылагзам, Ж.Суюндукова, Ә.Төлегенқызы және А.Куспеков.
Әсем Төлегенқызы, Көкпекті аудандық сотының қызметкері:
– Ойын өте ұнады. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді. Мен өзім волейболды ұнатамын. Кешкі бос уақытымда жаттығып тұрамын. Жарыста жеңіске жеткен командаларды құттықтаймын.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз