Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай «Абайдың тілі - адамзаттың рухани қазынасы» атты эссе жазудан өтетін аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты Қазақстан Респуб-ликасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар-ламасы аясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілді жаңғырту, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және дамыту.


Эссе жазуға мемлекеттік қызметшілер қатысты. Үздік эссе жазған Көкпекті ауылдық округінің бас маманы Құралай Слямқызы Қонақаева 5 наурыз күні облыста өтетін байқаудың екінші кезеңіне қатысады.


Б.Үмітқажиева,
тілдерді дамыту бөлімінің директоры

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз