Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 26 жұлдызында берекелі Биғаш ауылының тұрғындары Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған аудандық көркемөнерпаздар байқауына арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік кеш хәкім Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін СымбатӘлімбаеваның жатқа айтып беруімен бас-талды. Келесі кезекте, «Үш бәйтерек – үш алып» қазақ зиялыларына арналған өлеңдерді мәнерлеп айту өнеріне куә болдық. Халықты ерекше бір рахатқа бөлеген әдеби музыкалық композиция ауыл көркемөнерпаздарының Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындауы болды.

Әдемі әсерде отырған көрермендердің көңілінде қоңыр әуенді күмбірлеткен Ж.Досмұхаметов пен Ж.Қасымжановтың орындауындағы «Болашақ» күйі. Мейрамгүл Жанғасинованың «Ана туралы балладаны» нақышына келтіріп, жүректен жүрекке жеткізіп орындауы халықтың зор қошеметіне бөленді. Көзді ашып-жұмғанша концерттік нөмерлердің бел ортасына да келіп жеттік. Қызықтың бәрі енді басталғандай, Қ.Қабимұратова мен Т.Жанабек «Павлин» биін мың бұрала билеп таңқалдырса, Ж.Жақсыбаев «Көңіл толқыны» күйімен халықтың есінде қалды. Одан кейін де жұрттың жүрегіне жол тапқан бірнеше нөмерлер сахналанды. Атап айтсақ, «Атамекен-ай» әні, А.Жанғасиновтың орындауындағы «Елеке сазы» күйі және фольклорлық ансамбльдің «Еркем-ай» күйін ойнауы биғаштықтардың төл өнерімізден хабардар екендігін көрсеткендей. Мерекелік кеш Е.Хансанғалиевтің «Атамекен» әнін ауыл көркемөнерпаздарының қосыла шырқауымен тәмамдалды. Алақандай ауылдан келіп, әдемі әсер тудырып, көңілді кеш сыйлағандары үшін көрермендер биғаштықтарға орындарынан тұрып шапалақ ұрды. Концерт соңында сөз алған Биғаш ауылдық округінің әкімі Оспанов Дулат өз кезегінде Егінбұлақ, Биғаш ауылдарының клуб меңгерушілеріне, мектеп ұжымына ерекше алғысын білдірді. Сонымен, жүргізушілер концерт соңын: «Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығы құтты болсын! Халықтың бағына туған заңғар тұлғаларымыз ұлықтала берсін. Тәуелсіздігіміз нығая беріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деп қорытындылады.
Ақпан айының 28-күні аталмыш аудандық көркемөнерпаздар байқауы жалғасын тапты. Бұл күні Көкжайық ауылдық округі өздерінің мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шарада әуелеген ән де, мың бұралған би де, тамылжытқан күй де болды.
«Ел іші - өнер кеніші» деп нақ осы Көкжайық ауы-лына қарап айтылғандай. Себебі әр тұрғынның бойынан ерекше патриоттық сезім байқалып, көздерінен жалын оты лапылдап тұрды. Оны концерттік бағдарламаның басы болған Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін хормен айтуынан-ақ көрсетті. Келесі кезекте, Көкжайық орта мектебінің ұжымы «Ұлы Абайдың өмір жолы» атты көріністерін ұсынды. Онда Абайдың балалық шағынан бастап, күллі әлемге танымал ғұлама болғанға дейінгі өмірі тамаша сомдалды. Гүлнара мен Меруерт апайларымыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін дуэт болып шырқағандарына куә болғаннан кейін, іле-шала әлемнің екінші ұстазы атанып кеткен ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Көкжайық орта мектебі оқушыларының қойылымдарын тамашаладық. Бұл көрініс ақын Мұхтар Шахановтың «Арман» поэмасының желісі бойынша сахналанды. Осы орайда көрініске қатысқан әр оқушының жоғарғы актерлік шеберліктерін айтып өтпей болмас. Әр қайсысы тұнып тұрған талантты, әрі дарынды екендіктерін байқатты. Одан кейін, баянның сүйемелдеуіндегі ерлер вокалының орындауындағы «Туған жер» әніне құлақ түрдік. Көкжайықтықтар сахнаны бос қалдырмай бірінен-бірі өткен өнерлі екендіктерін көрсетіп жатты. Одан әрі, ән мен биге көңілі толған халықтың жүзіне күлкі ұялату мақсатында «Шаншар» әзіл-оспақ театрының «Сал сері» қойылымына пародия жасап, жиналған халықты күлкіге қарық қылды. Әрі қарай, Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахнада көрініс ретінде қойып, көп халықтың көзіне жас үйірілітті. Концерттік кештің соңы Ринат Құмарбековтің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды. Халық Көкжайық ауылына орындарынан тұрып шапалақ ұрып, ерекше ықылас көрсетті.
Осындай байқаулардың бір тиімділігі елді мекендерде көрінбей қалып қойған таланттарды ашуға өте қолайлы екендігін дәлелдеуде.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз