Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 20 жұлдызында аудандық хоккейдің бастауына айналған Үлгілімалшы ауы-лында, аудандық білім беру бөлімінің нұсқауымен, аудандық спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаевтың, Талғат Қасайновпен ауыл әкімі Мерей Смағұлов сынды азаматтардың ықпалымен, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің директоры Ермек Сыдықұлының ұйымдастыруымен облыстық «Шайбалы хоккей» дүбірлі додасының іріктеу кезеңі өткен болатын. Сайысқа Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандары қатысып кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.

Негізі Үлгілімалшы ауылында өткен «Шайбалы хоккей» бәсекесі 3 күнге жоспарланған болатын. Дегенмен ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол болмай Жарма, Аягөз аудандарының командалары жарысқа қатыса алмай қалды. Сондықтан мұз айдынындағы марқасқалардың теке-тіресін 1 күнде өткізуге тура келді. Зайсан ауданынан 1 команда, яғни, үлкен топ 12 бала, жаттықтырушы жүргізушісімен келсе, Тарбағатай ауданынан үлкен және кіші 2 топ, барлығы 20 адам келді. Көкпекті құрамасының намысын Үлгілімалшы, Көкпекті Үлкенбөкен, Теректі ауылдарының оқушылары қорғады. Жарысқа қатысушылар Үлгілімалшы ауылына 1 күн бұрын келіп, жатын орны, 3 уақыт тамақтары тегін беріліп, барлығы мектеп қаражатынан жұмсалды. Осы орайда, мектеп директоры Ермек Сыдықұлы бастаған мектеп ұжымының ерекше табандылығын, еңбекқорлығын айтып өтпей болмас. Мұзайдынының айнадай болуына кепілдік жасап, таң атысымен қалың қармен арпалысып жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасаған мектеп жұмысшыларының да жүйелі жұмысын атап өткен жөн. Қарасы қалың болған ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп ұстаздарының да күннің суығына қарамастан өз оқушыларына қолдау көрсетіп тұрғандары сайысқа қатысушы саңлақтарымызға қосымша күш бергені сөзсіз.


«Шайбалы хоккей» бәсекесін тамашалауға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы келіп, құттықтау тілегін білдіріп, жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған, спорт ардагері ардагерлер арасындағы күрестен әлем чемпионы Тілебалдин Серік ағамыз өзінің досы, Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің ардагер ұстазы Құсайнов Еркінбек Ғабдуалиұлына, аудан әкімі Асхат Смаиловтың атынан «ҚР еңбегі сіңген ардагер спортшы» төс белгісімен марапаттады. Иә, Еркінбек Ғабдуалиұлы аудандық хоккей спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірден-бір адам. Ол кісінің бастамасымен ашылған Үлгілімалшы ауылындағы хоккей алаңынан небір талантты спортшылар шығып, аудан намысын абыроймен қорғап жүргенін де көзіміз көрді. Айта кетейік, аудан бойын-ша Үлгілімалшы ауылы ең алғаш болып хоккей алаңының қорабын салған. Абай мектебі аудандық хоккейдің 2001 жылдан бергі, 19 дүркін чемпионы. Мұнда Еркінбек Ғабдуалиұлының қаншама тері мен еңбегі жатқандығы айтпаса да түсінікті. Осы орайда Еркінбек ағамен қатар еңбек етіп, ауылда хоккей спортының дамуына айрықша үлес қосқан зейнеткер-ұстаз Ақбұзауов Мұқан ағамыздың да ерен еңбегін айтып өткен жөн.
Тартысқа толы өткен тарландар сайысының қорытындысы бойынша үлкен топта III орынды Тарбағатай ауданының құрамасы иеленіп, финалдық бәсекеде Зайсан мен Көкпекті аудандары тартысты ойын көрсетіп, 3:5 есебімен біздің жігіттер жеңіске жетіп кубокты иеленді. Зайсан ауданының құрамасы II орынды қанағат тұтты. Жарыс барысында жерлес-бауырларының ойындарына таң-тамаша болған ауылдың бетке ұстар азаматтары Айтан Смағұлов пен Абылғазы Көкпаев ауыл хоккейінің деңгейін көтеру үшін жаңа форма алып беру ойда бар екендігін де айтып қалды. Қызықтылығы жағынан үлкен топтан кем болмаған, кіші топ ойындарының қорытындысы мынадай: III орын Зайсан ауданы, II орын Тарбағатай ауданы, I орын және аймақтық сайыстың кубогын Көкпекті ауданы жеңіп алды. Жарысқа қатысушы барлық жас-тар Көкпекті аудандық спорт бөлімі ұсынған мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.
Талантты, талапты бауырларымызды іріктеу кезеңіндегі жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, наурыз айында өтетін облыстық «Шайбалы хоккей» сайысына саңлақтарымызға сәттілік тілейміз!

Айдын ТОҚСАНОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз