Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2020 жылдың 17 ақпан және 17 наурыз аралығында Қазақстан азаматтарының аты-жөнінің жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендіру мақсатында айлық жарияланған. Айлықты қорытындылау негізінде Көкпекті ауданында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендірейік» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңескте ШҚО тілдерді дамыту жөнін-дегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Әшімханқызы Төлемісова, Көк-пекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Отаршина аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрбек Сыдықұлы Сүлейменов баян-дама жасады. Аталған шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, метеп директорлары мен кітапхана қызметкерлері,

мектеп оқушылары қатысты. Семинар барысында ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуында қазақ тіліне тән емес ( -ов, -ев,-ова, -ева, -овна, -евна) сиякты аффикстерді алып тастай отырып, жынысына қарай ұлы, қызы деп өзгертуге хақылы. Алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы жайындағы мәселелер қаралды. Тектілік дегеніміз өз халқын шын сүйген, өз ұлтының ақ тілеу перзентімін деп сезінген әрбір адамның жүрегін алаңдататын мәселе. Шараға қатысушылар жеке куәліктерін қазақша рәсімдеу бойынша АХАТ мамандарынан өздеріне қажетті ақпараттар алды.

Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз