Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Отан - отбасынан басталады». Ал өнегелі отбасы - жарасымды жұптан шығады. Осындай ырыс-ынтымағы, береке-бірлігі жарасқан отырған Губановтар отбасы Көкпекті ауылындағы интернационал отбасылардың бірі. Отағасы Петр Петрович Губанов 1958 жылы Ажа ауылында дүниеге келген.1976 жылы Көкжайық (Ивановка) орта мектебінің 10 сыныбын аяқтайды. Әскери қызметін Польша қаласында өткереді. Аудандық газетте 1976 жылдан бастап фототілші болып қызмет атқарады. Содан 1995 жылы жұмыс штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылады.
Аудандық газетте жұмыс істеп жүрген кезінде Күлпаш Изажанованы жолықтырып, ғашық болады. Екі ұлттың салт-дәстүрі бойынша той жасап, отау құрады. Осы ауылда туып-өскен ерлі-зайыптылар жергілікті халықпен сіңісіп, ел игілігі жолында еңбек етті. Әке мен ананың ұлағатын тыңдап өскен олар үшін отбасы құндылығы бірінші орында. Содан бері екі ғашықтың бірге өмір сүріп келе жатқанына 36 жылдан астам уақыт өткен. Үш баланы аяғына тік тұрғызып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған Губановтар бүгінде үбірлі- шүбірлі болып, 8 немере тәрбилеп отырған үлкен әулет. Үйдің тұңғышы Русланның Лимана есімді келіншегі бар. Ал үлкен қызы Индираның жолдасы Рамилдің ұлты татар болса, кенже қызы Маринаның жүрегі қазақ жігіті Құрметке тиселі болыпты.
Орыс ұлтының келіні бола тұра Күлпаш апай ол елдің ұлттық тағамдарын дайындаудың шебері атанған. «Ұлың өссе - ер жеткені, қызың өссе - бой жеткені» дегендей, әр ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» өзіне парыз деп білген. Міне, бүгінде сол парыздарын орындаған Петр аға мен Күлпаш апай мейрамдарда бүкіл бала-шаға, немерелерінің ортасында жиналып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.


– Біздің шаңырақта береке мен бірлік бұлжымас қағида. Түрлі ұлттан болсақ та ешқандай түсінісбеушілік болған емес. Дәстүрлерімізде ұқсастықтар бар. Бөліп-жармай барлығын да атап өтеміз. Ұлттың түрлі болуы татулыққа еш кедергі келтірмейді. Ең бастысы, бір-бірімізге деген сыйластық болса болғаны, - дейді отағасы Петр.
Отбасы - сыйластық, сүйіспеншілік, түсіністік, жарастық орнаған орта. Кішігірім ассамблеяға айналып отырған, берекесі мен бірлігі жарасқан отбасыға, шаңырағынан шаттық кет-песін деп тілейміз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз