Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен зейнеттегі ардагерлер  арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысқа қатысушы ардагер спортшылар спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шараның ашылу салтанатына дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, бас маман С.Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мукашев, спорт ардагерлері қатысты. Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында өткен бұл жарыс ардагерлер мен жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы спортымен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жалпы жарысқа 10-ға тарта адам қатысып, қатысушылар 1 шақырым қашықтықта сынға түсті.

Толығырақ...

4 желтоқсан күні  ауданымызда  еркін  және  қол күрестен  спорт шебері Бекболат Ешмұхаметұлы Рахимов  65 жасқа толды.

Бекболат ағаның есімі - бүкіл ауданға мәлім. Бапкерлік салада 40 жылдан аса еңбек етіп, мол тәжірибесімен осы ұзақ уақыт аралығында еркін күрес пен қол күресінен облыстықтан халықаралық деңгейге дейінгі спорттық жарыстардың жүзден астам чемпиондары мен жүлдегерлерін жаттықтырып келеді.
Бапкер бүгінгі күнге дейін Көкпекті ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресі секциясын жүргізеді. Қазір өзінің басшылығымен 20-ға жуық жас спортшы жаттығуда. Шәкірттері биік белестерді бағындырып, ауданымыздың даңқын асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Дархан Қуанышев облыс чемпионы атағына ие, Дмитрий Вишняков облыстық жарыстардың жүлдегері, Темірлан Құдайберген мен Мөлдір Аманбаева, Александр Лебедев облысымыздың чемпиондары қатарында.

Толығырақ...

Халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданында ұлттық өнер ұлықталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Жыр алыбы - Қалихан» атты онлайн айтыс әлеуметтік желідегі бірнеше парақшада тікелей эфирде таратылды. «Tolagai_news» ақпараттық порталы арқылы сөз барымтасын тікелей эфирде тамашалаған көрермен саны - жүзден астам. Бұл жолғы айтыс жыр додасына қазылық еткен әділқазылардың өзі онлайн тамашалап, елдің алдында бірден бағасын беріп отыруымен де ерекшеленді.

Толығырақ...

Мәдениет майталмандарының басым бөлігі ауылдан шыққан. Сондықтан, ауыл мәдениеті - қашанда мәнді мәселе.
Көкжайық ауылдық округі өнердің қай саласынан болсын қалыс қалмайды. Бүгінде мәдениет үйі мен кітапхана халық игілігі үшін қызмет көрсетуде. Өнерсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналған мәдениет ошағының 40 жылға тарта тарихы бар. Сәулеті келіскен бүгінгі мәдениет үйінің іргетасы 80-ші жылдары қаланғаны көп оқырман үшін беймәлім.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде кастинг өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты - жалпы облыс  және аудандардағы жас таланттарды іздеп, олардың шығармашылығын дамытып, дарынды жастарды анықтау.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз