Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Толағай тарланы Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасына аттанар алдында туған жердің топырағынан рух алып қайтты. 16 сәуір күні еркін күрес шебері аудан басшылығының арнайы шақыруымен алғашқы бапкері, әкесі Әлібек Қайсанұлымен бірге Көкпекті ауданына ат басын бұрды. Аудан әкімі Раджан Сейтқановпен кездесіп, дене шынықтыру сауықтыру кешенінде жас балуандармен шеберлік сыныбын өткізді.
Аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы алдағы әлемдік додада ел намысын қорғайтын балуанға Көкпекті халқының ыстық ықыласын жеткізді. Әлемдік додаларда еліміздің көк туын абыроймен асқақтатып жүрген жерлесімізге алғыс хат табысталып, батыр ұлды тәрбиелеген әкесінің иығына ұлттық дәстүрмен оқалы шапан жабылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов даңқты жерлесімізге батасын беріп, сәттілік тіледі.


Көкпекті жерінде дүниеге келген Данияр Қайсанов - еркін күрестен 74 кг салмақта Қазақстан ұлттық құрамысының көшбасшысы. Әлем чемпионатының жүлдегері, Азияның 2 дүркін чемпионы Данияр Қайсановтың жеңімпаздық жолы - бүгінде күреспен айналысып жүрген көкпектілік жас балуандар үшін жарқын үлгі. Боз кілемге шыққан жас балуандар Даниярдай болсам деп жігерленеді, Қайсановқа қарап намысын қайрайды.
- Туған елімізге, қасиетті жерімізге келіп, қуанышымызда шек жоқ. Арнайы шақырып, үш айдан кейін болатын Олимпиада ойындарының қарсаңында туған елдің қолдауы үлкен күш-қуат береді. Жерлестеріме рақмет, - дейді Даниярдың әкесі.
Жас спортшылармен кездесуде Данияр: - Мен өздерің сияқты қарапайым ауыл баласымын. Спортпен айналысу үлкен еңбекқорлықты қажет етеді. Жетістікке жетудің жолы - алға қойған мақсат жолында аяңбай еңбек ету. Ең бастысы жаттықтырушыларды тыңдаңдар, - деді. Туған жердің топырағынан рухтанып, туған елдің ақ батасын алған батыр ұлға Токио төрінде тек жеңіс тұғырын тілейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз