Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының басынан бастап Көкпекті орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған «Қазақ поэзиясының Хан тәңірі» тақырыбында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау апталығы салтанатты түрде ашылды. Апталықтың мақсаты - ақынның бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақын өлеңдеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Бұл шараға мектеп мұғалімдері, оқушылары белсене қатысты.
Ақпан айының 8-12-сі аралығында «Қазақтың қара өлеңі құдіретім» тақырыбында ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы онлайн түрде өтті. Сайысқа 80-нен аса оқушылар қатысты. Ең үздік оқылған 10 жұмыс Республикалық «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен өткен ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық байқауына жіберілді. Байқау қорытындысы бо-йынша Бекжан Жексенбеков, Ділнәр Жақсылық 1-орынды қаныжығаларына байлады. Сонымен бірге, "Көкпекті - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Аяжан Амантайқызының ұйымдастыруымен tolagai_news порталындағы ақын өлеңдерін оқу челленджіне 4 оқушының жұмысы жарияланды. 8-сынып оқушылары Томирис Смаилова, Арна Калиякпаров, 9-сынып оқушысы Бекжан Жексенбеков өлеңді нақышына келтіріп оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Ақпан айының 15-19-ы аралығында ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сынып сағаттары, шығармашылық сабақтар жүргізілді. «Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді» дегендей, осы айтулы мерекеде Көкпекті орта мектебінің дарынды да талантты ұстаздары қалыс қалмай, ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады.
«Ән – көңілдің ажары» демекші, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндерінің өзі бір төбе. Оқушылар арасында «Сағыныш» атты ақын әндерін орындау шеберлігі бойынша конкурс онлайн түрде ұйымдастырылды. 5-сынып оқушысы Аяжан Кайнуллаева ақынның сөзіне жазылған «Айтатын саған сырым бұл» әнін әуелете шырқап, тыңдармандарға ерекше көңіл күй сыйлады. Игі істің соңы барлық белсене қатысқан оқушыларға, ұстаздарға мақтау қағаздары берілумен аяқталды. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайырған Алатаудың мұзбалақ ақынының өлмес туындыларын насихаттау - барлық ұрпақтың парызы.

Нұржан Сайлаубекұлы,
Көкпекті орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз