Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, облыс әкімінің кубогына арналған спартакиадалық іріктеу ойындары ұйымдастырылды. Командалар арасындағы ойын Самар ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және де спорт модулі ғимаратында өтті.


Жарысқа Самар, Мамай, Аққала және Көкпекті ауылдарының командалары қатысты. Ойын қорытындысы бойынша үздік үштік қатарына кірген командалар анықталды. Жүлделі І орынды Самар ауылының командасы жеңіп алса, ІІ орын Мамай ауылының командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді. Жарыс соңында нәтижелі ойын көрсеткен ойыншылар мен командаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Спорттық шара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Ауылдық округ аппараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз