Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мәдениет майталмандарының басым бөлігі ауылдан шыққан. Сондықтан, ауыл мәдениеті - қашанда мәнді мәселе.
Көкжайық ауылдық округі өнердің қай саласынан болсын қалыс қалмайды. Бүгінде мәдениет үйі мен кітапхана халық игілігі үшін қызмет көрсетуде. Өнерсүйер қауымның сүйікті мекеніне айналған мәдениет ошағының 40 жылға тарта тарихы бар. Сәулеті келіскен бүгінгі мәдениет үйінің іргетасы 80-ші жылдары қаланғаны көп оқырман үшін беймәлім.

Мәдениет ошағы 1980 жылы 7 қарашада салтанатты түрде ашылған. Ол кезде Буденный совхозының орталығы Ивановка ауылы болып аталатын. Осы ауылдан Отан қорғау борышына ауылдың балаларын шығарып салу рәсімі мәдениет үйінің ашылуына сай келіп, әр болашақ сарбаздарға естелік сыйлықтар берілді. Ауыл тұрғындары ата - аналар атынан алғаш (мінбеге) ел алдына шығып, мәдениет үйінің ашылуымен, «Отан алдындағы борышын атқаруға бара жатқан сарбаздарға, ішінде ұлы Мұхтарға арнап, әкелік жылы лебізін білдіріп, Кенжехан Насымханов құттықтау сөз сөйлеген. Мәдениет үйінің іргесінде өнер мектебі болды.(музыка) Колхоз, совхоздар тарап, тоқырау кезінде мәдениет үйі жабылып, жұмысын тоқтатады. Бертін ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, қайта жаңарып, іске қосылды. Бүгінде бұл ғимарат мәдени айтулы жиындар мен түрлі рухани бас қосу орыны ретінде айрықша маңызға ие болды.

Ауылдық округ аппараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз