Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен зейнеттегі ардагерлер  арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысқа қатысушы ардагер спортшылар спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шараның ашылу салтанатына дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, бас маман С.Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мукашев, спорт ардагерлері қатысты. Ауған соғысы жауынгерлерінің спорт алаңында өткен бұл жарыс ардагерлер мен жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттау, шаңғы спортымен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жалпы жарысқа 10-ға тарта адам қатысып, қатысушылар 1 шақырым қашықтықта сынға түсті.


Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы мен спорт саласының ардагері, еркін күрес бойынша тренер Г.Самохин өздерінің жүрекжарды игі тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді.
Айта кетейік, ардагерлер арасындағы шаңғы жарысына Қ.Тыныбаев, С.Тлебалдин, Б.Бабаев, Т.Жұмақанов, Б.Сембинов, С.Файзуллин, Қ.Азин, Г.Самохин қатысты.
Жарысқа қатысушылардың көңілінен шыққан шара өз мақсатына жетті. 63-69 жас арасында Қ.Тыныбаев 1-орынды иеленсе, ІІ және ІІІ орынды С.Тлебалдин, Т.Жұмақанов өзара бөлісті. 70 жастан жоғарғы ардагер спортшылар арасынан І жүлделі орынды Б.Бабаев жеңіп алса, ІІ орынды Б.Сембинов, ІІІ орынды С.Файзуллин иеленді.
- Бүгінгі қысқы спорт түрі шаңғыдан өткен жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Баршаңыз бүгінгі ойында жақсы нәтиже көрсеттіңіздер деп ойлаймын. Осындай спорттық жарыстар өткізу арқылы келешек ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға болады. Барлықтарыңызға денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін, – деді ардагер Болатбек Бабаев.
Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз