Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 тамыз «Самар ауылдық округі әкімшілігінің» ұйымдастыруымен, санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және де Абай күніне орай, «Абай жаққан бір сәуле» атты іс-шара өтті. Байқауға Самар, Құлынжон, Көкжыра ауылдарының жастары қатысты.
Сайыстың басты мақсаты – сөз қадірін түсініп, әдеби тілде сөйлеуге жастарды дағдыландыру, Абай мұрасын насихаттау, шығармалары арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың ұлттық әдебиеті мен сөзіне, мәдениеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.


Алғы сөз кезегін алған Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары Гүлсара Нұрпейісова атаулы мерекемен құттықтап қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үміткерлер ақынның лирикалық өлеңдерімен немесе қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқу арқылы сынға түсті. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша І – дәрежелі дипломмен Жақсылық Шұғыла, ІІ дәрежелі дипломмен Тамызғазина Ұлжан, Нұржанқызы Жанерке, ІІІ дәрежелі дипломмен Серікбол Нұрдәулет, Мехнина Кристина, Зайцева Анастасия марапатталды.
Барлық қатысушылар өздерінің мықты екендерін дәлелдеді. Сондай - ақ ауылдық кітапхана ұжымы ашық аспан астында «Абай Құнанбайұлының» кітаптарының көрмесін, ал және «Балалар өнер мектебінің» ұстаздары өздерімен шәкіртері жасаған қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Осындай игі іс-шараны ұйымдастыруға көмек көрсеткен «Лик» шаруа қожалығының басшысы Лопаткин Михаил Викторовичке, жеке кәсіпкер Шапибаева Нұрзада Қыдырханқызына алғысымызды білдіреміз.

Самар ауылдық округ
әкімінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз