Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, аудандық тарихи-өлкетану мұражай қорының сақтаушысы Клара Рафикқызының ұйымдастыруымен, Тассай ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жүз жыл жырлаған Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді. 

Шараның басты мақсаты - жыр алыбы Жамбыл ақынның туғанына 175 жыл толуына орай, ақын мұрасын білім алушылар аудиториясына насихаттау. Жамбыл шығармашылығынан рухани азық алу.
Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында өткен жиынға Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің білім алушылары қатысып, жыраудың шығармашылығымен жақынырақ таныса алды. Ұйымдастырушының айтуынша, шараның басты мақсаты - Жамбыл Жабаев шығармаларының көмегімен жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті ояту.


- Бұл шарада Жамбыл Жабаевты бірнеше қырынан қараймыз. Әскери жағынан. Жазған өлеңдерінен. Баяндамалар оқылады. Биылғы жыл Жамбылдың 175 жылдығы ғой. Сол себепті жыл ішінде тойланады.
Жамбыл Жабаев – қазақтың дүлдүл ақыны. Қазақ поэзиясын әлемге танытқан шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылған. Қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлаған ақын туындылары – кейінгі жастарды ерлік пен бірлікке шақырып тұрары сөзсіз. Сондықтан алдыңғы толқын аға буын өкілдері мәдени іс-шара ұйымдастырып, айтыс өнерінің негізін қалаған арда ақынның қадіріне жетіп, қасиетін танып білді.Осыған орай өткізілген іс-шарада білім алушылар қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орын алатын айтыскер ақын Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығын тереңінен зерделеп, әрбір туындысын мақтанышпен оқыды. Әр туындысында жатқан тарихты, айтыс өнерінің дамуына қосқан елеулі еңбегін кеңінен талқылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз