Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында мектеп ұстаздары арасында волейбол турнирі өткізілді. 9 ақпан күні өткен волейбол жарысының ашылуы-на аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, спортты серік еткен ұстаздарға сәттілік тіледі.
Аудан орталығында өткен турнирге ауданның барлық мектептерінің құрама командалары қатысты. Шағын мектептер бірігіп құрама шығарды. Спортты серік еткен сергек жігіттермен бір қатарда нәзік жанды ару волейболшылар да табылды. Турнирдің сәнін келтіріп, алаңды ажарландыра түскен арулардың ойынын көрермендер тамсана тамашалады.


-Жарысты ұйымдас-тырудағы басты мақсатымыз - аудан ұстаздары арасындағы достық және әріптестік қарым-қатынасты нығайту. Бұл жерде басты мақсат жеңіске жету емес - әріптестермен танысу, өзара пікіралмасу, жұмыстан тыс қарым-қатынас орнату. Ұжымдық рухты қалыптастыруға бағытталды десек артық емес. Болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздар қауымының спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануы және насихаттауы маңызды. Алдағы уақытта осындай шаралар жиі өткізілетін болады, - дейді жарысты ұйымдастырушы білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Көкжайық мектебінің ұстаздары жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды Көкпекті мектебінің құрамасы олжалады. Үлгілімалшы ауылының Абай атындағы орта мектеп құрамасы 3-орынға табан тіреді.
Ұйымдастыру алқасының шешімімен бірқатар ойыншылар үздік деп танылды. Ақой ауылының Пушкин атындағы мектеп ұстазы А.Даукенова «Үздік ойыншы» атанды. Шұғылбайдан келген Д.Маутқазин «Үздік ойын үйлестіруші» және Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп ұстазы Б.Шаймарданова «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай және бағалы сыйлықтар, жеңімпаз кубогы мен алғыс хаттар табысталды. Көкпекті аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол жаттықтырушысы Алтай Нұрмұхаметов бастаған төрешілер алқасы ойынның әділ өтуіне бар күш-жігерін жұмсады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз