Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан 2024

21 Ақпан 2024

«Отбасы банк»-те білім алуға қаражат жинауға болады

2024 жылғы 5 ақпаннан бастап банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Жаңа «AQYL» депозитінің арқасында қазақстандықтар өздеріне немесе балаларының білім алуына ақша жинай алады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының несиеден кейінгі қолдау және қызмет көрсету бөлімінің бастығы Еркежан Омарғалиева АӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

- «Aqyl» білім беру депозиті Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында құрылған. Ол Қазақстан азаматтарына жеке білім алуына және балаларының білім алуына алдын ала қаражат жинауға мүмкіндік береді. Оны кез келген уақытта өзіңіз үшін немесе балаңыз 3 жасқа толғаннан бастап аша беруге болады. Депозит арқылы Қазақстандағы немесе шетелдегі колледж және ЖОО-ларда оқу ақысын төлеуге болады. Білім беру жинақтау салымын кемінде 3 жыл немесе 5 жылға ашуға болады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзіміне ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12% - ға тең болады, - деді Еркежан Омарғалиева.

Read more

Образовательный депозит теперь можно открыть и в «Отбасы банке»

С 1 февраля 2024 года банк стал участником государственной образовательной накопительной системы.

Благодаря депозиту, казахстанцы могут накопить на образование себе или своим детям. Об этом на пресс-конференции в РСК сообщила начальник отдела сопровождения и посткредитного обслуживания областного филиала АО «Отбасы банка» Еркежан Омаргалиева.

Read more

Үміт Шаяхметова: “Базалық мөлшерлеме шамамен 12% болады”

Үміт Шаяхметова жыл соңына қарай теңге бағамы қандай болуы мүмкін екенін айтты.

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова 20 ақпанда Алматыда өткен Women in Business халықаралық іскер әйелдердің форумына қатысты. Басқарма төрайымыбүгінде бизнес жүргізуде әйелдер ер адамдардан кем түспейтінін атап өтті.

Read more

В области Абай дан старт - ZHAS PROJECT

В области Абай стартовал конкурс малых грантов для молодежи - ZHAS PROJECT. На регион выделено 8 грантов. Прием заявок начнется 25 марта и продлится месяц. Об этом сообщили организаторы конкурса и руководитель отдела Молодежного ресурсного центра «Абай жастары» Ерсинбек Орлеубек.

-С 19 февраля по 24 марта будет проводиться информационная кампания для потенциальных участников. А уже 25 марта начнется прием заявок. Проект ZHAS PROJECT направлен на развитие предпринимательских навыков среди молодежи. Участниками могут стать казахстанцы в возрасте от 18 до 35 лет, с предпочтением для социально-уязвимых категорий населения и молодежи из отдаленных сел. Лучшие социальные проекты выберет конкурсная комиссия. Первый шаг в алгоритме действий, конечно же, подача заявки - определиться с идеей, заполнить анкету на сайте www.zhasproject.com, прикрепить документы, составить бюджет и подать заявку на участие в конкурсе малых грантов, - уточнила координатор проекта Zhas Project Эльзира Жунусова.

Read more

Абай облысында ZHAS PROJECT жобасы басталды

Абай облысында жастар үшін шағын гранттар конкурсы – «ZHAS PROJECT» жобасы басталды. Өңірге 8 грант бөлінген. Өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталып, бір айға созылады. Бұл туралы конкурсты ұйымдастырушылар мен «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ерсінбек Өрлеубек хабарлады.

Read more

07 Ақпан 2024

Смаилова Клара Рафиковна - мемлекеттік қызмет ардагері

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн екенін атап өтті. Өз сөзінде Президент әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажеттігін айтты. Иә расымен де соңғы кездері, жағдайы жақсы бола тұра, тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтар көмекке мұқтаж жандармен қатарлас әлеуметтік көмек алып жүргендігін байқаудамыз.
Шынымен де Президентіміз өте өзекті мәселені қозғап отыр. Себебі Әділетті Қазақстанды құрудағы бұл өте маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Әлеуметтік қызмет саласының мамандарына алдағы уақытта бұл мәселені дұрыс зерделеп, шынымен де көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуі тиіс.

Read more

Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет

“Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Осындай жағымсыз үдерістердің кесірінен жұрттың реформаға және Әділетті Қазақстанға деген сенімі азаяды. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет”, – деді Президент.
Бұл ендігі күнде бірін-бірі қайталап жататын бақылауда тұрған сансыз көп қағаздың азаярына әкелсе қуантарлық жай. Келген құжатты ғана мерзімінде орындап, оны бақылаудан шығарып тастап қана отыратын мамандар - енді өзінің тікелей лауазымындағы міндеттерін лайықты атқарады деген сенімдеміз. Қағазбастылық пен бюрократияның тамырына шабылатын балтадай - бұл талап.

Қайрат Малғаждаров

Read more

Слямбек Мұқашев - аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің  алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттерді айқындап берді.  Ауылшаруашылығы саласының ардагері ретінде Президентіміздің аграрлық секторға ерекше тоқталып, ауылшаруашлығы саласының дамуына тежегіш болып тұрған кедергілерді атап өткені көңілімде қуаныш ұялатты. Үкіметке Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру , ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу бойынша тапсырма берді. Бұл ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығы саласымен өз күнін көріп отырған шаруаларға үлкен мүмкіндік және үлкен көмек.   Мемлекет Басшысының бұл бастамасын уақытылы және орынды. Ал енді біз, ауылшаруашылығы саласындағы азаматтар мемлекет тарапынан осындай қолдау болғандықтан, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек.

Read more

Ақшабаева Гүлбарам Майлыбайқызы мемлекеттік қызмет ардагері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзімен таныстым. Мемлекет басшысы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарлармен таныстырып, Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Президенттің атап өткен мәселелері ішінде көпшіліктің көкейінде жүрген "Мемлекеттік сатып алу" мәселесіне тоқталғым келеді. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар бір затты не болмаса белігілі бір қызмет алу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырады. Алайда кейбір жағдайда, әсіресе құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып жосықсыз кәсіпкерлер танылып, көптеген қиындықтар тұғызуда. Мысалға құрылыс саласында ешбір техникасы не қажетті мамандары жоқ фирмалар мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып, құрылыс бастамай, құрылысты бастаса сапасыз жасап жатады. Бұл ретте, жосықсыз болып танылған кәсіпкерлерге қатаң шара қолдану қажет. Осы орайда, Мемлекет басшысының "Мемлекеттік сатып алу" туралы Заңына жетілдіру туралы бастамасын толық қолдаймын. Бұл шешім дер кезінде қабылданып жатқан шара.

Read more

06 Ақпан 2024

ВЫДАЮЩАЯСЯ ЛИЧНОСТЬ ЭПОХИ

В библиотеке Улкенбокенской средней школы был организован исторический час под названием «Заманының заңғар тұлғасы» к 220-летию со дня рождения Махамбета Утемисова – батыра, борца, мечтавшего видеть Казахстан свободным и независимым, поэта высокого духа. Цели мероприятия: познакомить учащихся с жизнью и творчеством известного человека, внесшего значительный вклад в развитие казахской литературы, рассказать о подвиге, который он совершил для своей страны, чтобы подрастающему поколению было известно, как чтили и защищали свою Родину, свою землю.
Жизнь и общественная деятельность Махамбета Утемисулы постоянно сопровождались трудностями, которые совпадают со сложными периодами в истории казахского народа. В историографии достаточно научно-исследовательских работ, раскрывающих исторический образ поэта и батыра. По мнению ученых-исследователей, М. Утемисулы был выдающимся представителем освободительного движения казахов против колониальной политики первой половины XIX века, а также пламенным рупором освободительного движения под руководством Исатая Тайманулы. Исторический образ Махамбета Утемисулы стал примером любви к Родине и олицетворял героические качества казахского народа. Махамбет писал свои произведения в разных жанрах, был поэтом, мастером древнего искусства кюев, пропагандировал идеи свободы и единства народа, вопросы государственности.
Махамбет Утемисов остался в памяти народа как борец за справедливость и освобождение от феодального гнета, а также как поэт. Его сильное творческое слово вело за собой сотни повстанцев и передавалось из уст в уста. Реалистические стихи описывают классовую борьбу казахского народа и продиктованы непростой судьбой этого удивительного человека.

КГУ «Улкенбокенская средняя школа»

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз