Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 ақпан күні Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінде "Әкем - алтын діңгегім" атты әкелер форумы өтті. Мектеп ұжымының ұйымдастырумен өткен атаулы шараға оқушылардың әкелері арнайы шақырылды. Бұл форум арнайы бағдарлама бойынша түрлі іс-шаралармен бірге өтті.

Іс-шара мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, мектеп өміріне деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру. Тәрбиелік мәні зор болған шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды. Әкелерді мектептің дәлізінен қарсы алып, әкелермен асық ату, шашки ойнау, шардағы арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру сынды түрлі ойындар ойнатылды.


Шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Сүйесінов, округ әкімі Қайрат Алғазинов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Аслан Танысбаев қонақ болып қатысты.
Форум мектептің мұражайы мен білім ордасының оқу кабинеттерін таныстырумен жалғасын тапты. Сонымен қатар, АКТ залында әкелер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарлама мен тәрбиелік мазмұны бар баяндамалар оқылды. Мектеп директоры Бексаинова М.К мектептің тыныс-тіршілігін айтып, сөз сөйледі. Әкелерге арналған бейнероликтер қосылып, балаларының әкелеріне арнап жазған шығармалары мен видео-жолдаулары да көрерменге жол тартты.
Форум соңында әкелер алған әсерлерімен бөлісіп, ой-пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді. Мектепте тағылымы мол шаралар әлі де жалғасын таппақ. Жалпы форумға 100-ге жуық әке қатысты. Шараға келген әкелер қауымына мектеп ұжымының айтар алғысы шексіз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз