Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан 2024

06 Ақпан 2024

АЛҒАШҚЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Аудан  орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. 27 қаңтар сенбі күні Көкпекті ауылының Ұлы Дала Елі алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жерде тұрғындардың тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес бұл жәрмеңкеде 8 бас ірі қара мал еті, 4 бас қой еті, 150 кг құс еті (қаз, үйрек), балық - 580 кг, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері саудаланды.
Айта кететін болсақ, ауданымызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында айына 2 рет тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Read more

"Спорт - есірткіге қарсы" акциясы

Есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Көкпекті орта мектебінде аудандық білім  және полиция бөлімдерінің бірлесуімен «Спорт есірткіге қарсы» атты көңілді старт ойыны өткізілді. Бұл спорттық сауықтыру шарасына осы мектептің 5-сынып оқушылары қатысты.

Спорттық іс шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдерді зиянды, келеңсіз заттардан спорт арқылы алдын алу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқық бұзушылықты болдырмау, достық қарым-қатынастарын нығайту болып табылады.
Спорттық жарыстың ашылу салтанаты мемлекеттік әнұранның шырқалуымен басталды. Командалар түрлі ойындары арқылы өзара сайысты.
Шара соңында аудандық полиция бөлімі жеңіске жеткен әр командаға сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етті. Акция кезінде барлық қатысушыларға арнайы логотипі бар футболка мен бейсболкалар, нашақорлыққа қарсы буклеттер және басқалары таратылды.

Read more

АУЫЛДАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өткізілді. Аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңейтілген аппарат отырысының басында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жаңадан тағайындалған басшыны таныс-тырды. Көкпекті ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы өкімімен Әлібек Түсіппекұлы Саржанов Абай облысы Көкпекті ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.
Әлібек Түсіппекұлы 1973 жылы 7 ақпанда Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1996 жылы Семей Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Аудан әкімі жиынға қатысушыларға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз