Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қаңтар 2023

25 Қаңтар 2023

ЗАВЕРШАЮЩАЯ ВСТРЕЧА ГЛАВЫ РАЙОНА С НАСЕЛЕНИЕМ

16 января в районном Доме культуры имени Калихана Алтынбаева прошла завершающая встреча акима района с населением Кокпектинского сельского округа. На ней, помимо местных жителей и акима Кокпектинского с/о Кайрата Алгазинова, присутствовали заместители главы района, руководители самостоятельных отделов и организаций, представители разных сфер жизни районного центра.

Read more

АЖЫ АУЫЛЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ

137 жасқа жеткен Жолымбет бабамыздың Ажы ұлына тараған ел кузеу ететін Көкпектінің көкорайлы жазығында ел тұрақтап қыста салғалы бір ғасырдан асты. Кезінде Бессарабиядан ауа көшкен ғағауыздар мен түріктер де келіп пана тапқан екен, біздің аталарымыздан. 1988 жылдары аудан онамастикасы қайта жаңғыра бастағанда, осы ауылдың тарихы жайлы Қалихан Алтынбаев көп ізденді. 2000 жылдары ежелгі атауы Ажы қайтарылды. Ауылдың негізгі атауы Ажа емес – Ажы. Ол ру атауы – Ажы, ол Әлпейіс ханнан тараған сұлтан Ажы төренің аты. Сондықтан кезінде бір матрөшке орысша «Ажа» деп сылқита салған қателік.

Read more

Пробация қызметкерлері көмек қолын созды

Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық Пробация қызметкерлері игілікті іс атқарды. Пробация қызметінің тіркеуінде тұрған 1-топтағы мүгедекке азық-түлік қоры көмекке берілді.
Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Владимир Лебедев Көкпекті ауданының тұрғыны. Тұрғылықты жері бойынша тексеруге барған кезде пробация қызметкерлері азық-түлік ала баруды ұмытқан жоқ. Қайырымдылық - са-уапты іс. Ал пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тасада қалдырмай қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндіктеріне сай ізгі істерге тарту – олардың қоғамға қажет екенін сезіндірудің көрінісі.

Read more

ТАССАЙДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Тассай ауылындағы кездесу халық пен билік арасындағы келелі кеңеске ұласты. Мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу жиыны жинақы әрі екіжақты пікіралмасу, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев халық алдында есептік баяндама жасады. Атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Ынтымағы жарасқан Тассай ауылының халқы кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше қамқорлығымен ерекшеленеді десек артық емес. Соңғы жылдары ауылдан шыққан азаматтар туған жерінің гүлденуіне атсалысу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Тассай азаматтары» деген атпен қоғамдық қауымдастық құрылып, талай игілікті істерді жүзеге асыруда. «Тұғырлы Тассай» атауымен жыл бойында кешенді жобалар жүзеге асырылды. Тассайлық азаматтардың мызғымас бірлік-берекесі, туған жерге деген махаббаты басқа ауылдарға үлгі.

Read more

БИҒАШ АУЫЛЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

Биылғы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің халықпен өткізетін кездесулеріне өзгерістер енгізілді. Енді аудан әкімдері тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдайтын болады. Осыған орай Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев елді мекендерді аралап, халықпен кездесулер өткізуде.
Халықпен кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын, салалық қызмет басшылары қатысуда.
Аудан басшысы 13 қаңтар күні Биғаш және Тассай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Read more

ӘРБІР АУЫЛ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Көкпекті ауданында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың өткен жылғы әкімшіліктің жұмысының қорытындысын шығаруға және азаматтардың мәселелерін шешуге арналған халықпен кездесуі жалғасуда.
12 қаңтар күні аудан әкімінің халықпен кездесуі Теректі, Шұғылбай және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтерінде жалғасты. Халықпен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, аппарат басшысы Талант Бақытбекұлы, бірқатар дербес бөлім мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Ауылдық округ әкімі Талғат Шаймарданов есептік баяндамасын слайдпен әрлеп, әр сөзіне нақты деректер келтірді. Атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, ағымдағы жылы қолға алынатын жобалармен бөлісті.

Read more

КӨКПЕКТІДЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР КӨП

16 қаңтар күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің тұрғындарымен кездесуі Көкпекті ауылдық округімен қорытындыланды. Оған жергілікті тұрғындар мен Көкпекті ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновтан басқа аудан басшысының орынбасарлары, дербес бөлімдер мен ұйымдардың басшылары, аудан орталығының әртүрлі салаларының өкілдері қатысты.

АУДАН ОРТАЛЫҒЫ
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Кездесу Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазиновтың өткен жылғы округтің даму қарқыны туралы баяндамасымен бас-талды.
Ол 2022 жылы ауылшаруашылық көрсеткіштері жайлы атап өтті. Округ бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына барлығы 9 952 бас ірі қара, 10 608 бас қой мен ешкі, 2 025 бас жылқы, 6 929 бас құс саны бар.
Өткен жылы 2158 тонна ет, 8 мың 745 тонна сүт, 1 млн 108 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілді.

Read more

16 Қаңтар 2023

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Көкпекті ауданында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың өткен жылғы әкімшіліктің жұмыс қорытындысын шығаруға және азаматтардың мәселелерін шешуге арналған халықпен кездесулері басталды.

Read more

11 Қаңтар 2023

5 СЕЛ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЧИСТОЙ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ, В 7 СЕЛАХ ОТРЕМОНТИРУЮТ ДОРОГИ

27 декабря под председательством акима района Дильдабека Оразбаева состоялось заседание аппаратного совета. В нем приняли участие акимы сельских округов, руководители самостоятельных отделов, сотрудники государственных учреждений и организаций, представители партии «AMANAT» и СМИ. На повестке дня был обсужден ряд важных вопросов, уточнены направления предстоящей работы.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз