Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылында жаңа мешіт ашылып, халық игілігіне берілді. Сәулеті келіскен «Биғаш ауылдық мешітінің» ашылу салтанаты 18 тамыз күні өткізілді. Игілікті шараға Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Абай облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі, наиб имам Қуандық Қосылханұлы, Абай облыстық қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожамбаев, көптеген құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары мен жан-жақта жүрген ауыл тумалары қатысты.
«Дін – қоғамның тәрбиесі және айнасы» деген қанатты сөз бар. Осы даналықты ұстана отырып, ұрпағымыздың діни санасын қалыптастыруға қоғам болып жұмыс жасау маңызды. Имандылық ордасы саналатын мешіттің ашылуы Биғаш ауылындағы ынтымақ пен бірліктің сақталуына зор септігін тигізері сөзсіз.

Толығырақ...

Биғаш негізгі мектебінде биылғы жылы қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу, ғимараттың терезе, есік блоктарын ауыстыру жұмыстары қолға алынуда. Бүгінгі таңда білім ордасының спорт залын ақтау, бояу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.
Биғаш негізгі мектебінің ақпараты

Аудан орталығының іргесінде орналасқан Ажа ауылы соңғы жылдары тың тыныс алып, жаңа жобалармен жаңғырып келеді. Бұған себеп ауылда атқарылып жатқан игілікті істер. Жарқын жобалар мен игілікті істердің қайнар көзі  - ауыл халқының ауызбіршілігі.

Ауыл жастары былтырғы жылы өз күшімен шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салып берді. Биылғы жылы ауыл орталығынан еңселі мәдениет үйі бой көтерді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бұл істердің ұйытқысы болып жүрген ауылдың атқамінер азаматтары. Елжанды азаматтар Қайрат пен Данияр бастаған Ажа жастарының ісіне қазіргі күні бүкіл жұрт сүйсіне қарайды, тамсанады.

Толығырақ...

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. 2022 жылдан бастап "Үкілі Домбыра" атты үйірме құрылған болатын. Үйірмеде домбырашылар, бишілер, әншілер, гитаристтер бар. 12 шілде күні "Үкілі Домбыра" үйірмесі есептік концерт өткізді.Үйірменің басты мақсаты ата-бабалар тастап кеткен асыл мұраны жалғастыру, күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.

Ауылдық округ ақпараты

Шұғылбай ауылдық округінде І.Жансүгіров орта мектебі мұғалімдері А.Разаева, Н.Макешова, М.Қалелов және ауылдық клуб меңгерушісі А.Мұсағазинованың ұйымдас-тыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Шарада мереке иелері спорттық ойындар ойнап, сайыстарға қатысып, шағын футболдан жарысқа белсене қатысты. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Мерекелік шарада сөз алған ауылдық округтің бас маманы Анар Назарханова жиналған жұртшылыққа мерекеге орай жылы лебізін жеткізді. Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері С. Құнанбаева, Г.Тоқтамысова, Л.Жабагина, А.Тоқтарова демеушілік жасап балмұздақтар мен тәттілер таратты. Мереке соңында жарыс жеңімпаздарына марапаттар табысталды.

А.Мұсағазинова,
клуб меңгерушісі

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз