Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 тамыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жұмыс сапарымен Қойгелді Аухадиев атындағы және Үлкенбөкен ауылдық округтеріне барды. Округтердің аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ауыл әкімдеріне бірқатар міндеттер жүктеді.

Преображенка ауылында биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Тәуелсіздік, Достық және Абай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні көше жолдарына асфальт төсеу үшін қиыршық тас пен құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы күні асфальт салу жұмыстарын бастайды. Мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС. Жұмысты жоспарлау барысында ауыл халқының ұсыныстары да ескерілді. Көнекөз қариялар көше бойымен ағатын көктемгі қарғын судың жолын, су шаятын тұстарды жақсы біледі. Жобалау барысында осы жағдайларға көп көңіл аудардық, - дейді ауыл әкімі Дәурен Жәнібекұлы.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев Достық көшесіне қиыршық тас пен құм төсеу жұмыстарын көрді. Көшенің байырғы тұрғыны Николай Белыймен асфальт төсеу жұмыстарын талқылады. Осы ауылда туып-өскен Николай Белый 74 жас ғұмырында Преображенка көшелеріне тұңғыш рет асфальт салынғанына куә болатынын жасырмады. Ділдәбек Тәжібайұлы ауылдық округ әкіміне жөндеу жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстап, сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қадағалауды міндеттеді.


Биылғы жылы Преображенка ауылында "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында атқарылатын жұмыс осымен шектелмейді. Жоба аясында көшелерге 47 жарық шамын орнату жұмыстары атқарылады. Қазіргі уақытта бағандар мен кабельдер толық жеткізіліп, көше жарықтандыру тіректерін орнату үшін шұңқырлар қазылды. Жарықтандыру Тәуелсіздік, Предгорная, Гагарин және Заречная көшелеріне орнатылады.
Үлкенбөкен ауылына жұмыс сапары білім ордасының жаңа оқу жылына дайындығымен танысудан басталды. Ауылдық округ әкімі Қайрат Жылқышев мектеп ауласын абаттандыру бойынша аудан әкімінің тапсырмаларын жүзеге асыру барысын көрсетті. Аудан әкімі білім бөлімінің басшысы мен ауылдық округ әкіміне мектептің алдына брусчатка төсеп, асфальт салуды міндеттеген еді. Сол тапсырмалар негізінде мектеп түлектері сыйлаған брусчатка салынып, асфальт төсеуге дайындық жасалды. Сондай-ақ мектептің қасбетін бояп, жөндеу жұмыстары атқарылады.
Ауыл азаматы Ринат Солтабаев өз қаражатына салып жатқан ауылдық амбулатория құрылысы аяқталуға жақын. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары қарқынды. Қабырғалары көтеріліп, төбесі жабылды. Қазіргі уақытта ішкі жұмыстары жасалуда. Келесі аптада қасбеті жөнделіп, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ жомарт жүректі кәсіпкер Ринат Солтабаев туған ауылына сәулетті мешіт және ауқымды қатымхана салып жатыр. Бұл құрылыстар жоспармен жүргізілуде. «Ауылына қарап азаматын таны» деген ұстанымға берік елжанды кәсіпкердің игілікті ісіне бүкіл Үлкенбөкен жұрты риза. Туған жерге ту тігіп, ауылын аялаған Ринаттай азаматтар көп болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз