
30 наурыз күні аудан әкімі Раджан Сейтқанов Сарыбел, Новостройка, Палатцы, Подгорное, Қаракөл, Миролюбовка және Раздольное ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесулерін жалғастырды. Жиын басында ауылдық округ әкімдері халықпен өткен кездесулерде қойылған міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Толығырақ...
Наурыз мейрамына арналған ккиіз үйлердің шаңырағы көтеріліп, керегесі жайылғанда ауылдың қыз бен жігіттері, апа мен аталардың ақылымен салтанат өтетін жерді жасандырып қойды. Ауыл-ауылға көше болып бөлінген елдің арасында қуаныш пен шаттықтың бәсекесі. Бірі-бірінен асып түсіп жатыр.
Әр көшеден ауыл болып шығып, өз өнерлерін, күштерін көрсетіп, бақталасты. Атап айтсақ «Абай», «Алаш Орда», «М.Әуезов», «Н.Саяхимов», «Қособа» ауылдары болды. Әр көшенің тұрғындары таң атысымен ұлттық киім киген жаршы жастар атқа мініп, көше жағалап, халықты тойға шақырды. Орталыққа жиылған қариялар төс қағыстыра амандасып, есен-саулық сұрасумен бастады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2008-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Көкпекті орта мектебі мен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептерінде шағын футболдан 12 қараша күні аудандық жарыс өтті. Жарысқа аймақтық ойыннан жеңімпаз болған 8 мектеп командасының оқушылары қатысты. І орынды Биғаш негізгі мектебінің оқушылар жеңіп алды. ІІ орын Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, ІІІ орынды Көкжота орта мектебінің оқушылары иеленді. Жекелей аталымдар бойынша: Серғазы Ерболат «Үздік қорғаушы» (Көкжота орта мектебі), Нұрлан Әлижан «Шебер ойыншы» (Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Задабек Мағжан «Үздік шабуылшы» (Биғаш негізігі мектебінің) оқушылары марапатталды. Ауданның жеңімпазы Биғаш негізгі мектебінің оқушылары облыстық аймақтық ойынға қатысады.
Аудандық білім бөлімі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайына саяхатқа бару кестесіне сәйкес 15 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермек Нұрланның жетекшілігімен 8 - сынып оқушылары саяхатқа шықты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі ақын, өлкетанушы Қайрат Малғаждаровпен бірлесіп, маршрут бағыты бойынша бірінші кезекте таңбалы тастарға барды. Жергілікті өлкетанушы Қайрат Қапайұлы оқушыларды таңбалы тастардың тарихымен таныстырды. Балалар таңбалы тастар жайлы толық ақпарат алып, естелікке суретке түсті.
Маршруттың келесі бағыты Көкпекті ауылындағы «Ұлы дала елі» алаңында орналасқан Абылайхан және Бармақ Батыр ескерткіштері болды. Қайрат ағамыз қазақ батырларының өмірбаяны және ерліктерімен таныстырып өтті. Экскурссия бағытының соңғы бөлімі бойынша аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайы болды. Мұражайға саяхат жасау кезінде оқушылар мәдени мекемедегі көне жәдігерлер, тарихи тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне арналған бөлмелермен таныстырылды. Оқушылар өздеріне көптеген мағлұмат алып, жақсы әсерде қайтты. Өлкетану бағыты бойынша оқушыларға экскурссия барысында толық мәлімет беріп, тың ақпаратпен таныстырған өлкетанушы, журналист Қайрат Малғаждаров ағаға мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыстарын білдіреді.
Абай атындағы
мектеп – балалақша кешені
Самар орталық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен алда келе жатқан Тілдер күніне орай «Ең қымбат қазына - тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ тілінің тарихынан сыр шертіп, тілдің қазіргі уақытқа дейінгі зерттелуі, дамуы жайында баяндайтын кітаптар назарға ұсынылды. Көрме мақсаты – жастар мен балаларды кітап оқуға шақыру, кітап арқылы жан–жақты болуға, уақыттарын тиімді пайдалануға талпындыру.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Қазіргі таңда ана тіліміз дамып, сөйлеушілер саны жылдан – жылға артып келеді. Тіл байлығын арттырудың бір ғана жолы бар, ол - әдеби кітаптарды көбірек оқу. Бір жылда бір-екі кітап деген өте аз, кемінде аптасына бір кітап оқысаңыз нәтижесі бірден біліне бастайды.
Самар Орталық кітапханасы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.