Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылымызда наурыз мерекесі қарсаңында жомарт жандардың бастамасымен аз қамтылған отбасыларға тұрмысқа қажетті заттарды алуға көмек көрсету акциясы бастау алып, өз жалғасын табуда.

А.Нұрканова, С.Онищенко жанұясына - А.Рапеков 20 мың теңге көлеміндегі азық-түлік, Берік Еңсебаев Әсем Түкеноваға – 10 мың теңгенің азық-түлігі, округ әкімі аз қамтылған бес жанұяға – 20 мың теңге көлемінде азық-түлік табыстады.
Қабден Айдарханов аз қамтылған отбасы Бұлбұл Дюсюпованың жанұясына құны 20 мың теңге бір бас аналық ешкі берді. Ал "Айбек" шаруа қожалығының басшысы Ислам Құдайбергенов осы отбасыға 10 мың теңгені құрайтын азық-түлік корзинасын табыс етті. Бұлбұл мен жақындары өз тарапынан Қабден мен Исламдай жомарт азаматтарға және олардың отбасыларына алғыс айта отырып, амандық, бақ-береке тілейді.
Аққала округіндегі іргелі шаруашылық "Б.К.Құсайынұлы" ЖШС және "Адал" шаруа қожалығы аз қамтылған отбасылар Жанатаев, Балағазов және Абуовтардың жанұясына 50 мың теңгенің азық-түлігін тапсырды.

Толығырақ...

Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дайындық және қорғаныс шараларын өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарға сәйкес және ауыл тұрғындары мен аймақты көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында алдын алу шаралары өткізілуде.
Ауыл тұрғындары арасында шатырларды қардан тазалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкім аппараты қызметкерлері ауылдық округ тұрғындарының үй-үйлеріне барып түсіндірме парақшаларын таратты. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен жеке секторлар тексеріліп, тазалық жұмыстарын жүргізу бойын-ша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көктемгі қар еру салдарынан туындайтын су жүру тасқыны мен су деңгейі көтерілуінің алдын алу мақсатында суағарлардың көзін ашу, жоласты су өткізетін 12 (он екі) құбырды, су арналары мен арықтарды қоқыстардан, тамырлардан қар тосқалынан тазалауға арнайы техникалар мен мобильді топ жұмылдырылып, тазартылды.

Толығырақ...

Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады.
8 наурыз күні аудан әкімі А.С.Смаилов, әкім орынбасары М.Теміржанов, мәслихат хатшысы Т.Сарманов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Н.Мұқашев және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімі Е.Ниязбаев Преображенка ауылының тұрғыны, 91 жастағы ақ-жаулықты ана, тыл еңбеккері Мензипа Даутованы мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, көктем мерекесіне қарсы Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі Ерлан Қизатоллаұлы округтың «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» иегерлерін, көпбалалы аналарды, мектептің аяулы ұстаздарын, балабақша ұжымының тәрбиешілерін, ақ халатты абзал жандарды, «Өрнек» ЖШС жұмысшыларының қыз-келіншектерін, белсенді аналарды, кәсіпкерлігін өрге домалатып отырған әпке-қарындастарды да ерекше атап және ақ жаулықты әжелерді, ару қыздарды салтанатты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Толығырақ...

Наурыз айының 4-шы жұлдызында мектебіміздегі «Инабат» қыздар үйірмесінің жетекшілігімен Халықаралық әйелдер мерекесіне орайластыра «Мектеп аруы-2020» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту болды.
Байқау 8-10 сыныптар арасында өткізілгендіктен 9 аруымыз бақ сынасты. Сайыстың 5 түрлі кезеңіне тың дайындықпен келген аруларымыздың мәртебесі биіктен көрініс тауып, өздерін жан-жақты көрсете білді. «Сәлемдесу» кезеңінде аруларымыз әсем де әдемі «Рухты ару» әніне билеп өздерін ерекше түрде таныстырып өтті. «Сұрақ-жауап» кезеңінде қатысушылар терең білімдерін көпшілік назарына ұсынды және Абай Құнанбаевтың өмір жолынан қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді. Саусақтарынан өнер тамған арулар «Өнерлі өрге жүзер» кезеңіне де бос келмепті. Әуелеген ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де, тағылымды мән де осы сахнадан табылды. Ерекше көзге түскен 8 сынып оқушысы Тоқтарханова Нағиманың орындауындағы «Жетім қыз» монологы, 9 сынып Байсеитова Гүлім мен Садуакасова Аяжанның «Құртқа мен Қарлыға» диалогы, 10 сынып Силянбекова Мақпал «Айман мен Шолпан» пьесасасынан үзінді, 9 сынып Садыкова Жұлдыз орамалдарды қалай әдемі етіп басымыз бен мойнымызға орауға болатынын көрсетті.«Сұлулық сыры» деп аталатын байқаудың бұл бөлімінде аруларымыз өз қолдарынан ине мен жіпті пайдаланбай әдемі кешкі көйлек тігіу керек болған. Осы кезеңде 9 сынып оқушысы Әзірханова Еркежанның қазақи ою-өрнектерді пайдаланып жасаған көйлегі жоғары бағаланды.

Толығырақ...

Бастаушы ауылдық округі бойынша 28 ақпан күні «Абай Құнанбаевтың 175 жылына» орай Абай атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Мекина «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби-сазды ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Абай мұрасы халқымыздың рухани болмысын білдіретін баға жетпес қазына. Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, меңгерту.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз