Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылдық округіне қарасты Шәріптоғай елді мекенінде 70 аула, 259 тұрғын бар. Ауыл тұрғындарына 1 негізгі мектеп және 1 ФАП қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін ауылда ауылдық клуб болмаған. Ағымдағы жылы бұрынғы клуб ғимараты сот шешімі негізінде иесіз деп танылып, мемлекеттік иелікке алынды. Қазіргі уақытта ғимараттың төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылдың аяғына дейін клубты қалпына келтіру ісі толығымен аяқталады деп жоспарланған.


Сонымен қатар, Шәріптоғай ауылында өз кәсібін дөңгелетіп отырған 7 шаруа қожалығы да бар. Соның ішінде «Кенжетай» ШҚ Гүлнар Сарымсакованың басшылығымен жылыжайда көкөніс, гүл өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта «Кенжетай» ауылдық округімізде орналасқан барлық мекемелерді гүл көшеттерімен толық қамтып отыр. Осылайша шаруа қожалығы ауылымыздың гүлденуі мен көркеюіне өз үлесін қосуда.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз