Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Біз біргеміз!» Жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының аясында Көкжайық ауылдық округі әкімдігі ұйымдастыруымен Көкжайық ауылының тұрғындарына, аз қамтылған отбасы мүшелеріне, жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды. Аудандағы ең ірі кәсіпкер, Көкжайық ауылының тумасы Болат Бекбердинов 32 отбасыға ірі қара мал етін табыстады. Сондай-ақ бұл күні 6 отбасына азық-түлік салынған әлеуметтік пакеттер табысталды. Сонымен қатар, коронавирус ауруын алдын-алу, инфекциясынан сақтануына көмектесу, ауруды болдырмау үшін салауатты өмір салтын ұстануы мақсатында жергілікті таксис-термен де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Сондай-ақ, Кокжайық ауылының жеке кәсіпкері Қасымханова Ақмарал үйінде мас-каларды тігіп және көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға тегін таратты. Сонымен қатар, Көкжайық ауылының «Біздің ауыл» дүкенінде маскалар сатылымда бар. Бағасы 180 теңге. Сапасы өте жақсы.
Коронавирус індетінен сақтану амалдарын қолға алуға байланысты ұйымдастырылған ізгі шара жалғасын табатынына сеніміміз мол.

Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз