Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәрбие – тал бесіктен. Бала өміріндегі отбасының, ата-анасының алар орны ерекше екені айтпасақ та белгілі. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деп бекер айтпаймыз ғой. Қазіргі таңда біздің, ұстаздар қауымының, алдында тұрған басты міндет – балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Бұл мақсатқа, әрине «мұғалім-оқушы-ата-ана» үштігінің бірлігі арқасында ғана қол жеткізбекпіз. Осы орайда «Көкжайық орта мектебінде» «Тәрбие – тал бесіктен» деген тақырыппен ата-аналар жиналысы өткзілді. Ең алдымен ата-аналарға «балаңыздың қызығушылықтарын қаншалықты білесіз?» деген мақсатпен сауалнама берілді. Тура сол сауалнаманы алдын ала оқушылар да толтырған болатын. Сәйкестік, әрине өте көп болды. Сонымен қатар, ата-аналар топтық жұмыстар жасап, «Мен балама қандай жылулық беремін?» атты күн сәулесінің шуақтарын және екі жақты күнделік толтырды, «Екі құмыра» аңызын тыңдап, өз пікірлерін айтты. Отбасылық құндылық ағашын бірге құрастырып, әр ата-ана өз отбасының ең ерекше бағалайтын құндылықтарын ор-таға салды. Тәрбие сағатының соңында ата-аналарын мұқият тыңдап, әр сөздерін, іс-әрекеттерін бақылап отырған оқушылар ата-аналарына деген жүрекжарды тілектерін жеткізді, өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын ұсынды.

Толығырақ...

Ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес қарқынды дамып келеді. Кәсіпкер-аграршылар үшін мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, инвестиция салу және даму үшін таптырмас сәт туады. Олардың жағында тек нарықтық конъюнктура ғана емес, мемлекеттің протекционистік бағдарламаларының кешені де бар. Агробизнеспен айналысу тіпті жеке отбасылық шаруашылықтар деңгейінде де тиімді болды. Осы тақырыпты жалғастыра отырып, Көкпекті ауылындағы отбасылық кәсіпті жалғастырып отырған ағайынды Юрия мен Виктор Виничуктің отбасылары туралы сөз қозғамақпыз.
Жастар агробизнеспен жақында ғана, шамамен 5 және 6 жыл көлемінде айналысып келеді. Бірақ осы уақыт ішінде өздерін құзыретті, сауатты және перспективалы фермерлер ретінде көрсете білді.
2013 жылы құрылған "Виктория" ШҚ басшысы Юрий Владимирович Виничук. Кәсіпорынның негізгі мамандануы - өсімдік шаруашылығы (аумағы 1515 га жерде күнбағыс және бидай өсіріледі). ШҚ басшысы қазіргі егінге риза: барлығы 514 тонна бидай және 2950 тонна күнбағыс жиналды (орташа өнімділігі 21 және 22 ц/га). Шаруа қожалығында барлығы 4 адам еңбек етеді, олар берекелі де ұйымшыл ұжымды құрайды.
Шаруашылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі жаңа қуатты техникалық базаның болуы болып табылады. Жинақталған автопарк аграрлық істің барлық талаптарына жауап береді. Мұнда тұқым сепкіштер, тракторлар, комбайндар және жерді сапалы күту мен өңдеу үшін қажетті басқа да арнайы заманауи техникалар бар. Жергілікті механизаторларға мұндай агрегаттарда жұмыс істеу бір ғанибет.

Толығырақ...

«Аққала мектеп-балабақша кешенінде жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» 1-11 сыныптар аралығында ұйымдастырылды.
Сынып сағатына арнайы ақсақалдар алқасының төрағасы Ғинаят Богубаев, мектептегі әкелер кеңесінің мүшесі Ж.Каримов және Аққала ауылдық округінің жетекші маманы Г.Томпакаева шақырылды.

Толығырақ...

Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешек бір-бір дастан, – дегендей асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз қарияларымыз аман-есен жүре берсін. Үлкенді силау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ақжаулықты әжелер мен ақсақалды қарттарымыздың көңілдерін көтеру мақсатында қарттар күніне орай Теректі ауылының «Жансая» дәмханасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, кең дастархан жайылды.

Толығырақ...

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Өткен аптада ауданымызға таны-мал атымтай жомарт жан «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дюсембаевтың ұйымдастыруымен жау-жүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. «Көкпар» Қайрат ағамыздың ұлының сүндет тойы құрметіне берілді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз