Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

АҚОЙ

Елiмiздiң тәуелсiздiк алып, дербес мемлекет ретiнде танылғанына биыл 28 жыл толды. Бұл - қазақ елi үшiн егемендiк пен елдiктi, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгiштiк пен патриотизмдi насихаттайтын ерекше мерейтой. Бiр шаңырақтың астында бiрлiгi жарасқан Ақой ауылының тұрғындары ел тәуелсіздігінің 28 жылдығын мектеп ұжымы ұйымдастырған «Тәуелсіздік - тәңірдің тәтті сыйы» атты мерекелік іс-шарада бас қосты.
Ақой ауылындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, оқушылар, және әкімшілік аппараты қатысты. Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт, Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.


Салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ринат Қажиакберовке берілді:
- Құрметті Ақой ауылының тұрғын-дары, баршаңызға зор денсаулық, кәсіби табыс, ұзақ ғұмыр, бақытты келешек тілеймін. Биылғы жыл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырдан астам белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, бұралаң жолдардан өтеміз. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, Туымызды тік ұстап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгеміз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Оны біз сақтауға, нығайтуға және болашақ ұрпаққа лайықты табыстауға тиістіміз, - деп өз тілегін білдірді. Сондай-ақ, өз тілегін ауыл тұрғыны Ж.Жолдаспаева анамыз дар арнады.
Еліміздің 28 жылда жүріп өткен ғасырға татитын жолы қастерлі Тәуелсіздігіміздің арқасы, Елбасының ерен еңбегі. Біз жеткен жетістіктерімізді айтып қана қоймай, болашаққа нық сеніммен қарайық, ағайын. Егемендігіміз еңселі, еліміз тыныш, болашағымыз баяны болып ұрпағымыз әрдайым ұлтжандылықты ұмытпаса дейміз.
А.Пушкин атындағы орта мектептің ақпараты

БИҒАШ 

Еліміздің тарихын, бүгінгі егеменді еліміздің іргесін қалауда өшпес іздерін қалдырған тұлғалардың ерліктерін мақтан ете отырып, ержүректіліккке, шыншылдыққа тәрбиелеу, ұлттың озық дәстүрлерін жас жеткіншектерге насихаттап, бойына сіңіру мақсатында Биғаш ауылдық округінде көптеген іс-шара аталып өтілді. «Қасиетті желтоқсан» атты сыныптар арасында қабырға газеттері, ақпараттық стендтер, «Алаш арыстары армандаған Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаттары өтті. Бармақ батырды еске алуға арналып волейболдан ауданаралық турнир өтті. Ауылдық клуб үйінде балалар арасында «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен бас-талды. Ауыл хатшысы Г.Исмаилхаджиева барша кауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 5-6 сынып оқушыларынан құралған екі команда қатысқан шара аясында сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып, нәтежесінде жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жақсы ойын көрсеткен команда жүлдеге иеленді. Сондай-ақ оқушылар «Тәуелсіз Қазақстанға - 28 жыл » тақырыбында кең ауқымды кітап көрмесіне қатысты. Ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күнде Қайрат, Сабира, Ләззат, Ербол сынды қыршынынан қиылған боздақтар жайлы айтылып, олардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жарияланды. Оқушылар тәуелсіздік жолында жанын қиған боздақтар туралы өз ойларын ортаға салды. «Біз Отанымыздың патриоты болып, туған елді қорғауға қашанда әзір боламыз», - деді жас жеткіншектер

А. Момбаева,
кітапханашы

БАСТАУШЫ

2019 жылдың 11 желтоқсанында Бастаушы ауылдық округіне қарасты Көкжота орта мектебінде Тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті. Жарысқа 13 команда қатысты. Жарыстың жеңімпаздары кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Ал 13 желтоқсан күні аталған оқу орнында Тәуелсіздік күні қарсаңында облысқа танымал айтыскер ақын, біздің жерлесіміз, мақтанышымыз Аян Қалымбекпен кездесу өтті. Ауылдық округ әкімі Азамат Серікұлы, Аянға бағалы сыйлық табыс етіп, ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді.
14 желтоқсан күні Бастаушы ауылының мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуел-сіздік – Тұғырым» атты салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті. Концертте Бастаушы және Көкжота орта мектептерінің оқушылары керемет өнер көрсетті. Сонымен қатар, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің көркем-өнерпаздарының керемет өнерін тамашаладық. Жыл қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі Азамат Серікұлы үздіктерді алғыс хаттармен марапаттады.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ауыл әкімі және ақсақалдар алқасының төрағасы ауыл ақсақалдарының хәлін біліп мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Округ әкімінің аппараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз