Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қарттарым, жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешек бір-бір дастан, – дегендей асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз қарияларымыз аман-есен жүре берсін. Үлкенді силау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ақжаулықты әжелер мен ақсақалды қарттарымыздың көңілдерін көтеру мақсатында қарттар күніне орай Теректі ауылының «Жансая» дәмханасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, кең дастархан жайылды.


Мерекелік іс-шара ауыл әкімі Қ. Айпқазыұлының құттықтау сөзімен басталды. Ауыл қарияларына арнап А. Кунафин, М. Кодекова, К. Токтарбаева сазды да көңілді әндерін тарту етті. Қарияларымыз да өз әндерін айтып, би билеп, әңгіме-дүкен құрып, ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Ардагер ұстаздарды төл мерекесімен және ақсақалдар алқасының төрағасы Ә. Багадиевті торқалы 90 жасқа толуымен құттықтады. Сондай- ақ ақжаулықты әжелеріміз М. Кузембаева, Н. Бытымбаева, Н. Ракишева қазыналы қарттар күнімен қатар келген туған күндерінде ауыл әкімнің мадақтама қағаздармен марапатталды.
Мерекелік дастарханды ұйымдастыруға демеуші болған ауылымыздың жеке кәсіпкері Жанатаева Толқын, «Боғас» шаруа қожалығының басшысы Д.Қарықболов пен «Жұмағұл» шаруа қожалығының басшысы Ж.Тоқтарбаевқа шексіз алғысымызды білдіре отырып, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз. Ал асыл қарияларымызға ұзақ өмір, қадірлі қарттық тілейміз.

Теректі ауылдық округінің әкімдігі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз