Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 Қараша 2019

ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сейсенбі күні «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының» қызметкерлері Самар ауылында әкім аппаратының қызметкерлерімен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Самар ауылдық округі бойынша барлығы 150 әлеуметтік жәрдемақы алушы бар.
Диалогтік алаңның екпіні 2020 жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша жаңа тәсілдерге бағытталған. Ассистенттер С.Шынтаева, А.Каймулдинова, ауылдық округ әкімінің орынбасары Г.Мажибаева, ауылдық әкімдіктің бас маманы О.Рахишева 2020 жылдың қаңтарынан бастап АӘК есептеу кезінде енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді. Оның негізгі принципі - мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсететін болады. Алайда АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері әрбір отбасына жеке қадамдарды көздейді.
Атаулы әлеуметтік көмек – бұл жәрдемақы емес, қиын өмірлік жағдайға тап болған, аз қамтылған отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және олардың дағдарыстан шығу үшін ресурстарын ынталандыруға бағытталған азаматтарды мемлекеттік қолдау.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына – 20 789 теңге беріледі. АӘК бұрынғыдай тоқсан сайын тағайындалатын болады.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз