Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі болып табылады.
Иә, туған жер - адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, журегіне жақын, алтын ұясы. Оның топырағы, тауы мен тасы да ыстық болады. Әркімге өз ауылы, туған жері қымбат. «Тудым, өстім, есейдім», – деп ақындарымыз жырлағандай, ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қызының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы, сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы - баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы өзінің нақтылығы әрі дәлелділігімен айшықталды. Стратегиялық мазмұны бар құжатта анықталған бес міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» актив жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы Майкенев төрағалық еткен актив жиынына ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары, «Нұр Отан» партиясы филиалының, этно-мәдени бірлестіктерінің, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, білім, денсаулық сақтау саласының, жастар ұйымдарының өкілдері қатысып отырды. Жиын барысында алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы өзі алып, тұщымды баяндама жасап, Жолдауда белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Толығырақ...

Ақтас ауылында Үлкенбөкен ауылдық округінің бастамасымен ауылдағы мектептің ғимараты жөндеуден өтті. Бұрынғы мектеп ғимаратының шатыры жөнделіп шағын ауылдың мәдени ошағына айналды. Сондай-ақ, бұнда енді ауыл тұрғындары түрлі мерекелік шараларды өткізе алады. Және де ауыл үшін тойхана ретінде де қолдана беруге болады. Осындай игі бастаманың басында жүрген ШҚ басшылары Жәнібек Қалиев пен Мұрат Ақшабаров сынды азаматтарға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.

Толығырақ...

Аудан әкімі А.С.Смаиловтың Подгорное ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі кезінде ауыл климатының күзі ерте, жазы қысқа болуына байланысты көкөніс өсіру мәселесі айтылған болатын.

Ол кезде Асхат Сайдахметұлы ауыл тұрғындары мен мектеп асханаларын жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету үшін мектеп жанынан жылыжай салуды ұсынды. Қуанышқа орай, мектеп жанында скважина бар.

Толығырақ...

Ауылдарды абаттандыру және тиісті санитарлық жағдай жасау, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі болып табылады.  Соңғы уақытта әрбір ауыл тұрғынының демалуына, спортпен шұғылдануына, халықтың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау үшін көңіл бөлінуде. Бұған бір дәлел ағымдағы жылдың 21 тамызында Құлынжон ауылдық округінің Көкжыра ауылында футбол және балалар ойын алаңының ашылуы өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Әшім С" ЖШС құрылыс фирмасының мердігері - директоры Т.А.Сағатов, қоғам өкілдері, ақсақалдар кеңесі мен әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты. Айтулы іс-шарадан барлық ауыл тұрғындары қағыс қалмады.

Ашылу салтанаты әжелеріміздің ақ шашуымен басталып, мектеп оқушылары күмбірлете орындаған күй үнімен жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары М.К.Теміржанов, "Азат" ШҚ басшысы М.Желдібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Назира Көкашпаева құттықтау сөз сөйледі.
Лента қию мәртебесі Амангелді колхозындағы мал шаруашылығы фермаларында 38 жылдан астам еңбек етіп, ауылдастарының алдында зор құрметке ие Көкжыра ауылының көпбалалы аналары Сәкенова Нақызада, Сембинова Бағдатқа табыс етілді.
Осы күні көкжыралықтар үшін тағы бір көптен күткен оқиға болды - Самар-Көкпекті негізгі жол магистралынан ауылға баратын ұзындығы 3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Жол құрылысына бюджеттен 7, 200 000 теңге бөлінді.
Бұл күні қуаныш үстіне қуаныш қосылып, жақын арада Құлынжон ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілетіні тілге тиек етілді. Онда су құбыры желілерін орнату бойынша іс-шаралар толық жүзеге асырылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз