Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі болып табылады.
Иә, туған жер - адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, журегіне жақын, алтын ұясы. Оның топырағы, тауы мен тасы да ыстық болады. Әркімге өз ауылы, туған жері қымбат. «Тудым, өстім, есейдім», – деп ақындарымыз жырлағандай, ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қызының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы, сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы - баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз.


Біздің алтын мекен – Самар ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр. Әрине,ауылымыздың күннен күнге көркейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай.
Биыл мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған еді. Елімізде ағартушының өмір жолын насихаттау, еңбектерін жас буынға дәріптеу жолында көптеген шара атқарылып келеді.
Осыған орай, 23 тамыз 2019 жылы Самар ауылының орталық алаңында хакім Абайғае скерткіш орнатылды. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы - XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі бірден-бір басты тақырып. Абай - көреген көз, Абай - халықтың ақылы. Оның өмір мен шығармашылық жолында халқының ең жақсы ойлары, сезімдері және істері көрсетілген. Ол жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және бірінші ақын-реалист, композитор, философ, гуманист-ағартушы және халықтар достығын жырлаушы.
Әлем Абайды бүкіл өмірін ізгілік пен әділдіктің салтанат құруы үшін күресіп, өз халқының мұң-мұқтажы мен биік мұраттарға ұмтылысын жырлауға арнаған нағыз халықтық ақын, ағартушы және гуманист ретінде жақсы біледі әрі жоғары бағалайды. Өзінің өшпес туындыларында қазақ халқының рухани жан қуатын, оның ең ізгі қасиеттерін жарқын және толық көрсетіп берген Абайдың орасан зор еңбегін бағаламау мүмкін емес.
Менің ойымша, Абайдан үйреніп, өзіне өнеге-білім алған, оның философиясын меңгеріп, кеудесіне түйген әлі талай білімді жас ұрпақ өсіп-өніп шығады.
Жаңадан ашылған ескерткіш ауылдың ажарын ашып, жас ұрпақ тағзым етер мекенге айналады. Нысанның айналасы абаттандырылып, алаң ұлы ойшылдың атымен аталады. Данышпан ақынның ескерткіш қасында әуенді субұрқақ іске қосылды. Келесі жылы жас көшеттер отырғызылады, абаттандыру жұмыстары жалғасын таба бермек. Осылайша, Абай алаңы аудан тұрғындарының мәдени орталығына айналады.


Күләш Умирова, ұлағатты ұстаз,
Самар ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз