Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Заманның заңғар тұлғасы,Ұлы Даланың озық ойлы ғұламасы, сөз патшасының қас зергері хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында М.Әуезов орта мектебінің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалимасы, жас ұстаз Мақпал Жеңісқызы Қапасованың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары қатысқан «Абай әлемі» атты Әдеби сазды бағдарлама өткізілді.
Ұлы ақынның зор толғанысынан туындаған, сол заманының қилы кезеңдерінің көрінісін мағынасымен-ақ беретін өлеңдерімен, ой түбі-нен шыққан шерлі-шерлі сөздерін 2 сынып бүлдіршіндерінен бастап жоғарғы сыныптың шәкірттерінің кезекпен шығып, балғын үнмен мәнерлеп мүдірмей оқығанын рахаттанбай, толқымай тыңдау мүмкін емес. 9 сынып оқушысы Данияр Кеңестің жас Абайдың бейнесіне кіріп сомдауы да бек жарасып үйлесімді болды.


Ақынның өмір жолдарынан үзінді оқып, ой түйіп талдау жасаған Дина Біржанқызы, Жібек Рах-ымбекова, Бақытгүл Төкенова сынды балауса қыздардың да баяндамалары орнықты болды. Арасында өнерлі оқушы Жібек Мақсұтханқызы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін салып, саз мектебінің оқытушысы Гүлнар Советқызы Әлкеева ақынның өзі шығарған үш күйінің бірі «Торжорғаны» тартып берді. Тыңдарман қауым риза күйге түстік.
Бүгінгі маңызды іс-шараға қатысқан мектеп директоры Гүлмира Нұржанқызы Мұхаметқалиева мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейірлі Жанұзаққызы Садықова әдеби сазды кештің ұйымдастырушысы, әрі жетекшісі Мақпал Жеңісқызына, бағдарлама тізгінін ұстаған жүргізуші ұстаз Айжан Әсетханқызы Слямхановаға, сондай ақ, өнерлерімен көрерменді тәнті еткен өрендерге һәм барша қатысушыларға алғыс білдірді.


Катрен Байжұманов
Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз