Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қарттарды құрметтеу, олардың еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан үлестерін мойындау белгісі ретінде Үлкенбөкен ауылдық округінде қазан айында жыл сайын Қарттар күні мерекесі атап өтіледі. Биылғы жылы да дәстүрге сай Үлкенбөкен ауылында «Баян» дәмханасында дастархан жайылып, концерт қойылды. Округ әкімі Н.Назархановтың құттықтау сөзімен басталған іс-шара қариялардың ізгі-тілектерімен жалғасын тапты. Ауданнан осы мерекеге арнайы келген ауданның жезтаңдай әншілері Жаңабай мен Кеней қарттарымызға әсем әндерін арнады. Апаларымыз бен аталарымыздың жүздері қуанышқа толып, бір бірлерімен сырласып, көңілдері марқайып қалғаны анық. Сондай-ақ мейрамға келген ақ жаулықты әжелеріміз тамылжыта ән салып, өз өнерлерін ортаға салды.


Қорыта келе айтарым, қазыналы қарттарымыз ортамызда жүре берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дегіміз келеді.Осы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтары «Табиғат», «Дидар», «Надежда», «Дастан» және жеке кәсіпкерлер М.Нұғыспанов, Е.Юсупов, Б.Ғалымжанов, А.Тасилов, Р.Чукушев сияқты азаматтарымызға алғысымыз шексіз.


К.Баймолдин, клуб меңгеруші

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз