Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 Қазан 2019

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Халықаралық қарттар күні - бұл бүкіл адамзат үшін өте маңызды мереке. Бұл құрмет пен сыйласым мерекесі, ол аға ұрпақты Отан игілігі жолындағы еңбегі үшін, өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді.

"Біздің үйіміз" - "Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орта-лығының" қамқорлығындағы қарияларымыз орталықты осылай атайды. Шынында да осы мекеменің табалдырығын аттай отырып, қаңыраған қабырғаларды емес, мекеме қызметкерлерінің қолымен жасалған жылы үй жайлылығын сезінесің.
Аталмыш мекемеден 150-ге жуық адам өзіне баспана тапты. Олар бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Қажетті әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және оңалту көмегін үнемі алып отырады. Бауыржан Қалымжанұлы Дюсюпов басшылық ететін әлеуметтік мекеме ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді бағытқа ала отырып, бұл жолы да естен кетпес мерекелік кеш сыйлады. Сонымен қатар, қарияларымыздың ауру-сырқаудан аман әрі ұзақ өмір сүруі үшін қызмет ететін орталық әр тұрғынға жаңа тыныс, жаңа дем сыйлап, өмірдің жаңа бетін ашатын орын.
Қарттар күні - бұл мекемеде жыл сайын тойланатын ең басты мейрамдардың бірі. Міне, 15 қазан күні № 2 корпустың акт залында көптеген қонақтар жиналды. Қымбатты әжелер мен аталарды үй қызметкерлері құттықтап, өздері де бір-біріне жылы лебіз айтып бір марқайып қалды. Өткен жылдар туралы жарқын естеліктер төңірегінде сыр шертіп, осынау тебіреністі сәттің ізгілігімен бөлісіп, ән-жырын, келер күнге деген ақ үміттен туған асыл сөздерін айтып жатты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз