Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақтас ауылында Үлкенбөкен ауылдық округінің бастамасымен ауылдағы мектептің ғимараты жөндеуден өтті. Бұрынғы мектеп ғимаратының шатыры жөнделіп шағын ауылдың мәдени ошағына айналды. Сондай-ақ, бұнда енді ауыл тұрғындары түрлі мерекелік шараларды өткізе алады. Және де ауыл үшін тойхана ретінде де қолдана беруге болады. Осындай игі бастаманың басында жүрген ШҚ басшылары Жәнібек Қалиев пен Мұрат Ақшабаров сынды азаматтарға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.


Сонымен қатар, Ақтас ауылының тұрғындары үшін ауыз-су мәселесі оңтайлы шешілді. Ауылда аудан əкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың бас-тамамасымен «Шығыс-комфорт» ЖК келісім-шарт жасалып, Ақтас ауылында 5 құдық қазылды.

Үлкенбөкен ауылдық округінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз