Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ халқы қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет», «Қарттарым - асыл қазынам» деп, үлкендер алдынан кесе көлденең өтпей, ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерге сый-құрмет көрсетіп, баға жетпес байлыққа теңеген. Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп, өсіріп жеткізген аналарымыз бүгінде кешегі бейнетінің зейнетін көріп, ақ әжемізге айналса, ұжымшар-кеңшарларда мал бағып, жер жыртып, жоспар орындап, аянбай тер төккен азаматтар бүгінгі күні зейнет жасқа жетіп, ақсақалды ақылшымыз боп отыр.
Ақой ауылындағы білім ордасы А.Пушкин атындағы орта мектебінде жер-жерлерде жылылық пен мейірімділікке толы мейрам – Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Мектеп директоры Ринат Қажиакберовтың бастамасымен үлкен мереке ұйымдастырылды.


Ринат Араратұлы директор тізгінін қолға алғаннан бері ауыл қарттарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Ақой және Қарамойыл ауылдарында тұратын қарияялар үшін «Көгілдір алау» атты мерекелік іс-шараны мектеп ұстаздары мен оқушылар ұйымдастыруды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Мерекені мектеп басшысы Ринат Араратұлы құттықтау сөзімен бастап, қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей келе, өз сөзінде қариялар жас буынға аса қажет екенін, зейнеткерлер мемлекет назарынан еш уақытта тыс қалмайтынын, қандай да бір көмек қажет болса, заңнама аясында көмек көрсетілетіні жөнінде айтып өтті.
Мектеп ұжымы қызметкерлері ата-әжелерімізді ортаға шығарып, олармен бірге би билеп, қосылып ән айтып, ерекше құрмет көрсетті. Айрықша ілтипатқа ие болған ауыл қарттары жас та болса, бас боп отырған мектеп директорына зор алғыстарын білдіріп, риза болып, баталарын беріп тарқасты.
Ата-ананы сыйлау, құрметтеу, қарттарға қайырымдылық жасау халқымыздың ежелден қанына сіңген асыл қасиеті, қазақтың ұлттық коды. Осы ұлттық қасиетімізді саф қалпында кейінгі өсіп келе жатқан ұрпағымызға табыс ету біздің басты міндетіміз. Алатаудың шыңдарындай бастарын ақ шалған қарияларымыздың қатары сиремесе екен деп, әркез тілеп жүрейік!


М.Ахметова,
кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз