Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 ақпан күні Көкжота орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен аудандық ашық біріншілік өтті. Ондағы мақсат, оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту болып табылады. Мектебімізден 7 оқушы қатысып, марапаттармен оралды. Дастан Матаев, Данара Исингазина, ІІ орын, Әсет Баймадиев, Амина Байғозина, Дастан Советбеков, Карина Сметанкина, Вадим Помозов ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!

А.Пушкин атындағы орта мектеп ақпараты

Ақпан айының 14-ші жұлдызында Көкжайық орта мектебі жас ұстаздарының бастамасымен «Көңілді старт» эстафеталық ойындары ұйымдастырылды. Эстафетаға Көкжайық орта мектебінің «Жалын» командасы, Үлгілімалшы ауылының Абай атындағы мектеп-балабақша кешені «Жалынды жастар» командасы, Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектебі «Мамай» командасы және Ақой ауылы Пушкин атындағы орта мектебінің жас ұстаздары «Молодежь» командасы қатысты. Әр командада 5 ойыншыдан өнер көрсеткен топтар тартыс-ты ойын өрнегін көрсетті. Бұл іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Әнұранымыз шырқалған соң құттықтау сөзін алған Көкжайық ауылдық округінің әкімі Қайрат Айыпқазыұлы мен Көкжайық орта мектебінің директоры Сау-ле Тоқтарқызы қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділқазылар алқасында ауылдық округ әкімімен қатар, Көкжайық орта мектебінің «Бәйтерек» әкелер клубының мүшесі Шубаров Мұрат ағамыз және де аудандық жастар мәслихатының депутаты Ерлан Әзімбаев болды.

Толығырақ...

Ауыл десем, мал елестер көзіме,
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем, ер саламын кер атқа,
Ауыл десем, ән естілер құлаққа.
Иә, ауыл - қазақтың алтын бесігі, түп төркіні. Таяуда мектебімізде кеше ғана алтын ұясымен қимай қоштасқан түлектермен кездесу өтті. Ауылдарын, мектепті сағынғандары соншалық, сезімдерін өз сөздерінде жасыра алмады.
Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенттері атанған Бақдаулет пен Еркебұлан: «Мектепте алған біліміміз бен белсенділігіміз кәдеге жарады. Барлық қоғамдық жұмыстың басы-қасында жүрміз. Бойымыздағы бар жақсы қасиеттеріміз үшін мектебіміз бен туған ауылымызға қарыздармыз. Қажырлылық пен қайсарлықты, имандылық пен байсалдылықты шексіз даламыздан үйрендік », - дейді жігіттер. Сөздері салмақты, есейген.
Шет тілі факультетінде оқитын Наргиз, физика мамандығына оқып жатқан Жансая мамандық таңдауда қателесуге болмайды, жақсылап ойланып, қадам жасаған дұрыс деп ізбасарларына ақылдарын айтты.

Толығырақ...

Көкжайық ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай көкпар ұйымдастырылды. Ауыл ақсақалы Қаден атаның ақ батасын алған жігіттер қапалақтап жауған қардың екпініне қарамай серкені көшенің сонау басына қарай тартып әкетті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Діни Басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ауыл имамы мен мешіт жамағаты Батай Сәлімбек көкпаршыларға арнайы жүлде салым тігіп, қанжығаларын майлады.

Толығырақ...

Ауылымыздағы Романов негізі мектебінің түлегі Азамат Биғалиев атты жанашыр азамат мектепке10 жұп шаңғы тарту етті.
Бұдан бұрын да мектептің көркеюіне, оқушының саналы да сапалы білім алуына өз үлесін аямай қосып, талай игілікті істің бастамашысы болып жүрген Азамат Биғалиевтің қайырымды ісіне мектеп директоры Әділбек Каусов өз ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Балаларға демеушілік жасап, қажет кезде қолдау көрсете білген азаматқа мектеп әкімшілігі атынан біз де өз алғысымызды жеткізе отырып, еңбегіне жеміс тілейміз.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз