Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 14-ші жұлдызында Көкжайық орта мектебі жас ұстаздарының бастамасымен «Көңілді старт» эстафеталық ойындары ұйымдастырылды. Эстафетаға Көкжайық орта мектебінің «Жалын» командасы, Үлгілімалшы ауылының Абай атындағы мектеп-балабақша кешені «Жалынды жастар» командасы, Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектебі «Мамай» командасы және Ақой ауылы Пушкин атындағы орта мектебінің жас ұстаздары «Молодежь» командасы қатысты. Әр командада 5 ойыншыдан өнер көрсеткен топтар тартыс-ты ойын өрнегін көрсетті. Бұл іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Әнұранымыз шырқалған соң құттықтау сөзін алған Көкжайық ауылдық округінің әкімі Қайрат Айыпқазыұлы мен Көкжайық орта мектебінің директоры Сау-ле Тоқтарқызы қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділқазылар алқасында ауылдық округ әкімімен қатар, Көкжайық орта мектебінің «Бәйтерек» әкелер клубының мүшесі Шубаров Мұрат ағамыз және де аудандық жастар мәслихатының депутаты Ерлан Әзімбаев болды.

Сайыс барысында ептілікті, шапшаңдықты, айланы қажет ететін «Кенгуру», «Паравоз», «Ептілер сайысы», «Қаппен секіру», «Секіртпе» тәрізді ойындар өткізілді. Топ мүшелері өз командасын жеңіске жеткізу барысында еш аянбағаны анық. «Ең епті ойыншы» аталымын «Мамай» командасының мүшесі Оразаев Еркін, «Ең үздік команда капитаны» аталымын Көкжайық орта мектебінің жас ұстазы Тоқтаров Еркебұлан, «Ең жылдам ойыншы» атылымын «Жалынды жастар» командасының мүшесі Калелова Гүлнар жеңіп алса, «Ең үздік ойыншы» аталымы «Молодежь» командасының мүшесі Умутпаева Маликаға бұйырды. Эстафета қорытындысы бойынша І орынды «Молодежь» командасы жеңіп алып, ауыспалы кубокты келесі ойында сарапқа салу үшін өз мектептерінде өткізуге шақырды. Жүлделі ІІ орынды Көкжайық орта мектебінің «Жалын» тобы жеңіп алса, ІІІ орынды «Жалынды жастар» командасы мен «Мамай» командасы иеленді. Эстафеталық ойындар соңында құрметті қонақтар мен барлық қатысушылар Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқады. Спорт залды жаңғырта шырқаған осынау жастар әнінен аймақ жастарының бірлігі мен берекесі айқын көрініп-ақ тұрды. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер». Қазақтың жастары әрқашан жақсылықтың жаршысы болып жүре берейік!

А.Әзімбаева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жас ұстаз

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз