Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжайық ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай көкпар ұйымдастырылды. Ауыл ақсақалы Қаден атаның ақ батасын алған жігіттер қапалақтап жауған қардың екпініне қарамай серкені көшенің сонау басына қарай тартып әкетті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Діни Басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ауыл имамы мен мешіт жамағаты Батай Сәлімбек көкпаршыларға арнайы жүлде салым тігіп, қанжығаларын майлады.

Бұл күні ауыл жігіттері түлкі тымақтарын баса киіп, саптама етіктерін іліп, нағыз бұрынғының салтын көрсеткендей болды. Ал жігіттердің мықты тақымы мен серкені бірінен-бірі жұлқа тартып, аспанға көтергендегі білек күштері өз алдына бөлек әңгіме. Атап айтқанда аймақтық, аудандық көкпарларда ауыл намысын қолдан бермей келе жатқан Жұмағазы аға мен Тілеубек аға, Далабаев Берік, Капезов Болат, Кәрімбаев Нұрлыбек, Маманұлы Серік, Батай Сәлімбек, Нұрлан Ермек, Абекбаев Сырым, Карчибаев Асхат, Тоқтаров Еркебұлан, Мейірбек, Әзімбаев Ерландардың ақ қарды боратып көрсеткен тамаша ойыны жас көкпаршыларға мектеп оқушыларына керемет әсер сыйлады.

Аяулым Әзімбаева, қазақ тілі пәні мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз