Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 Ақпан 2020

БАСТЫ НАЗАРДА - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРБАСТЫ НАЗАРДА - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

17 ақпанда «Көкпекті-Адалдық алаңы» жобасының фронт - офисінің қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, аудан әкімі аппаратының басшысы Бек Нұғыбаев және дербес бөлімдердің мамандары қатысты. 

Өз мәселелерімен және ұсыныстарымен Асхат Сайдахметұлына үш азамат жүгінді. Соның бірі Семей қаласының "Эко Комфорт" құрылыс фирмасының директоры Ержан Нұрғалиев өз компаниясының қызметін ұсынды. Оған аудан басшысы өзара ынтымақтастық болуы мүмкін, бірақ ол мемлекеттік сатып алу аясында жүзеге асырылуы тиіс деп жауап берді.
Теректі ауылының жас маманы Әділжан Ақанов "Дипломмен-ауылға" бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға өтініш білдірді. Бұл мәселені шешу тиісті сала мамандарына тапсырылды.
Қабылдауға соңғы болып кірген, Шәріптоғай ауылының тұрғыны Гүлнара Сарамсақованың өтініші. Ол гүл көшеттерін өсірумен айналысады. Өткен жылы оның гүлдері көптеген ұйымдардың аулаларын безендірді. Асхат Сайдахметұлы алдағы көктемде көшет Гүлнара апайдан ресми келісім негізінде алынатынын атап өтті.
Ал келесі күні, 18 ақпанда аудан әкімі Самар ауылында кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауда тұрғындар жер қатынастары, көп балалы аналардың тұрғын үй мәселелері, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз