Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дайындық және қорғаныс шараларын өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарға сәйкес және ауыл тұрғындары мен аймақты көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында алдын алу шаралары өткізілуде.
Ауыл тұрғындары арасында шатырларды қардан тазалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкім аппараты қызметкерлері ауылдық округ тұрғындарының үй-үйлеріне барып түсіндірме парақшаларын таратты. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен жеке секторлар тексеріліп, тазалық жұмыстарын жүргізу бойын-ша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көктемгі қар еру салдарынан туындайтын су жүру тасқыны мен су деңгейі көтерілуінің алдын алу мақсатында суағарлардың көзін ашу, жоласты су өткізетін 12 (он екі) құбырды, су арналары мен арықтарды қоқыстардан, тамырлардан қар тосқалынан тазалауға арнайы техникалар мен мобильді топ жұмылдырылып, тазартылды.


Қойгелді Аухадиев ауылдық округінде Төтенше жағдайға қажетті құралдарының қоры әкімшілік ғимаратында орналасқан. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, кезекшілер күнделікті 2-11-01 нөміріне хабарласып жағдайды баяндайды.
«Қызыл-Ту» ШҚ мен «Өрнек» ЖШС басшыларымен техникамен қамтамасыз ету бойынша және Төтенше жағдай кезінде Преображенка орта мектебінің 2 қабатына ауыл тұрғындарын орналыс-тыру туралы меморандумдар жасалды. Жеке кәсіпкер Арсен Габдрахмановпен 3 уақыт ыстық тамақпен камтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды. Су алу қауіпі бар жерлер қатаң бақылауда. Бүгінгі күнге қаптарға салынған (400 қап) инерттік материал дайындалған. Азаматтардың қауіпсіздігі және тұрғын үйлерді су баспау басты назарда.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз