Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз айының 4-шы жұлдызында мектебіміздегі «Инабат» қыздар үйірмесінің жетекшілігімен Халықаралық әйелдер мерекесіне орайластыра «Мектеп аруы-2020» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту болды.
Байқау 8-10 сыныптар арасында өткізілгендіктен 9 аруымыз бақ сынасты. Сайыстың 5 түрлі кезеңіне тың дайындықпен келген аруларымыздың мәртебесі биіктен көрініс тауып, өздерін жан-жақты көрсете білді. «Сәлемдесу» кезеңінде аруларымыз әсем де әдемі «Рухты ару» әніне билеп өздерін ерекше түрде таныстырып өтті. «Сұрақ-жауап» кезеңінде қатысушылар терең білімдерін көпшілік назарына ұсынды және Абай Құнанбаевтың өмір жолынан қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді. Саусақтарынан өнер тамған арулар «Өнерлі өрге жүзер» кезеңіне де бос келмепті. Әуелеген ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де, тағылымды мән де осы сахнадан табылды. Ерекше көзге түскен 8 сынып оқушысы Тоқтарханова Нағиманың орындауындағы «Жетім қыз» монологы, 9 сынып Байсеитова Гүлім мен Садуакасова Аяжанның «Құртқа мен Қарлыға» диалогы, 10 сынып Силянбекова Мақпал «Айман мен Шолпан» пьесасасынан үзінді, 9 сынып Садыкова Жұлдыз орамалдарды қалай әдемі етіп басымыз бен мойнымызға орауға болатынын көрсетті.«Сұлулық сыры» деп аталатын байқаудың бұл бөлімінде аруларымыз өз қолдарынан ине мен жіпті пайдаланбай әдемі кешкі көйлек тігіу керек болған. Осы кезеңде 9 сынып оқушысы Әзірханова Еркежанның қазақи ою-өрнектерді пайдаланып жасаған көйлегі жоғары бағаланды.


Әділ қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан арулардың бағасын беріп, нәтижесінде 9 сынып оқушысы Әзерханова Еркежан «Бас жүлдеге», 9 сынып оқушысы Садықова Жұлдыз І орын, 9 сынып оқушысы Байсейітова Гүлім мен Слянбекова Мақпал ІІ орынға ие болса, ІІІ орын 8 сынып оқушылары Кенжебаева Маржан мен Тоқтарханова Нағиманың еншісіне тиді. Қатысушы аруларымыздың барлығы құр қол қайтпады. «Шебер ару» 9 сынып оқушысы Садуақасова Аяжан, «Сымбатты ару» 9 сынып Маратова Нарғыз, «Инабатты ару» аталымын 10 сынып оқушысы Байсеитова Мөлдір иеленді.


А.Бутабаева
«Инабат» қыздар үйірмесінің жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз