Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бастаушы ауылдық округі бойынша 28 ақпан күні «Абай Құнанбаевтың 175 жылына» орай Абай атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Мекина «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби-сазды ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Абай мұрасы халқымыздың рухани болмысын білдіретін баға жетпес қазына. Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, меңгерту.


Кемеңгердің өз айтқанындай, Абай атамыздың артынан өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халқымен бірге жасай береді. Осы орайда, Абай Құнанбаевқа 175 жыл толуына орай 4 сынып оқушылары «Абай - дана, Абай - дара» атты әдеби-сазды ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтті. Абай туралы, видео-слайд және Абайдың балалық шағы туралы шағын көрініс көрсетілді. Іс-шара барысында балалар Абайдың көптеген өлеңдерін нақышына келтіре оқып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін орындады. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан көрініс көрсетілді. Қарасөздері жатқа айтылды. «Абайды оқы таңырқа» атты ашық кітап көрмені ауылдық кітапханасының кітапханашы ұйымдастырды.
Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ол өзінің өшпес туындыларында қазақ халқының рухани жанқуатын, оның ең ізгі қаиеттерін жарқын және толық көрсетіп берген. Абайдың зор еңбегін бағаламау мүмкін емес. Жүрегі «Қазақ» деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмар қылып сақтап жүруі тиіс.

Ж.Маулханова,
Бастаушы ауылы кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз