Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2015 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында білім саласына аса назар аударып, түбегейлі өзгерістер керек екенін атап өтті. Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейінен кем болмау керек екендігін атап өтті.
Осыған байланысты жаңар-тылған білім бағдарламасын обрабациядан өткізу мақсатында қазақстан бойынша отыз пилоттық мектеп таңдалып алынды. ШҚО-нан таңдалған екі мектептің бірі - Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылының "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ. Бұл мектептің ұжымы іс-тәжірибе алаңында төрт жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап, 2019 жылды үздік нәтижемен аяқтады. Қазақстан бойынша жаңартылған білім бағдарламасының алғашқы қадамдары осы мектептерден басталды. Нәтижесінде бірнеше мектеп ұстаздары ҚР білім және ғылым министірлігігің мақтау қағаздарымен және Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды. Төрт жыл бойы жиналған тәжірибені тарату мақсатында бұл мектепте 13 қараша күні аудандық семинар өткізілді.

Семинардың тақырыбы "Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім мен тәрбие берудің жаңа мазмұны". Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру үрдісіне белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, әдістемелік көмек көрсету, білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту-әрбір ұстаздың басты шарты екенін, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білу. Семинарға бүкіл ауданнан елу мұғалім қатысып, нәтижелі жұмыстың куәсі болды. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлшат Нұрғазықызының айтуынша бұл мектеп әлі де болса инновациялық алаң ретінде қалып, жылдар бойы жинақталған іс-тәжірибені ауданның басқа мектептеріне тарататын болады.

Абай атындағы мектеп-балабақша
кешені ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз